ТМД елдері басшыларының отырысында алты ынтымақтастық құжатына қол қойылды
ТМД елдерінің басшылары Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында алты ынтымақтастық құжатына қол қойып, Өзбекстанды келесі отырыс өткізетін ел ретінде сайлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні басталған ТМД елдері басшылары отырысының соңында 2020 жылы ұйымды басқару міндетін Өзбекстанға тапсыру, экономика саласында стратегиялық ынтымақтастық келісімі мен ТМД елдерінің терроризм және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы сияқты құжаттарға қол қойылды.
Экономикалық ынтымақтастық, қауіпсіздік мәселелері, сауда соғыстары мен санкциялардың салдарларына қарсы қорғаныс әлеуетін арттыру отырыстың басты тақырыптары болды.
ТМД елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы да бейсенбі күні Түркіменстанның Ашхабад қаласында осы ел СІМ-нің ғимаратында өтті.
ТМД елдері басшыларының келесі отырысы 2020 жылы 16 қазанда Өзбекстанда өтеді.