Трамптың талибандармен бейбітшілік келісімі жөнінде мәлімдемесі
АҚШ Президенті Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде және Ақ үйге енгеннен кейін америкалық күштерді Ауғанстаннан шығару туралы уәде берген болатын. Бірақ бұл уәдесі осы кезге дейін іске асырылмады. Осы кезде Трамп талибандармен келісімге келіп, бұл уәдесін ісе асырғысы келеді.
Дональд Трамп сеньі күні таңертең талибандармен бейбітшілік келісімі жөнінде мәлімдеме шығарып, бұл келісімге 29 ақпанда Қатар астанасы Дохада Ауғанстан мен басқа кейбір елдер өкілдерінің қатысуымен қол қойылатынын жариялады. Трамп бұл мәлімдемесінде өзінің сайлау алдындағы америкалық әскерилердің әлемнің әртүрлі айақтарынан отанына қайтару уәдесін еске салып, оның үкіметінің бұл салада маңызды жетістіктерге жеткенін қуаттады. Трамп бұдан бұрын, егер талибандар зорлық-зомбылықты тоқтату келісімге табанды болса, олармен бейбітшілік келісімге өзі қол қоятыны туралы айтқан болатын. Қатардағы талибанда саяси кенсесі: «Шамамен 30 елдің Сыртқы істер министрлері мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің бұл топ пен АҚШ арасындаы бейбітшілік келісімге қол қою рәсімге қатысады»,- деп жариялады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейбітшілік келісімге қол қою рәсімге қатысып, АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер Ауғанстан үкіметімен ортақ мәлімдеме жасайды. Бұл келісім Ауғанстандағы америкалық күштердің шығуын білдірмейді. Трамп өз мәлімдемесінде: «Егер талибандар мен Ауғанстан үкіметі өз міндеттемелеріне табанды болса, біз Ауғанстандағы соғысты тоқтатуға және әскерилерімізді отанына қайтаруға қарай қадам жасадық»,- деді. Трамп 2020 жылдың қараша айындағы АҚШ президенттік сайлауда жеңіске жету үшін шетелдік жетістіктерге баса назар аударуға мәжбүр болуын ескерсек, америкалық күштердің Ауғанстаннан шығару олардың бірі болады. Ауғанстанда өлген АҚШ әскерилері санының артуы сайлау жылында қоғамдық пікірдің қысымының артуына әкеледі. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Талибан арасындағы бейбіт келіссөздерге қарамастан, әртүрлі келіссөздер мен бейбіт келісімге қол қою сәтсіздікке ұшырады. Не дегенімен талибандармен бейбітшілік келісімге қол қою АҚШ-тың Ауғанстанды өз еркімен қалдыруын білдірмейді. АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер 2019 жылдың 20 қазанда: «АҚШ Ауғанстандағы әскери күштері саның 8600 адамға дейін қысқартады. Алайда олар талибандармен келісімге келген жағдай ғана шығады»,- деді. Талибан мен Ауғанстан үкіметінің өкілдері арасындағы келіссөздер АҚШ-Талибан келісімінен кейін басталады. АҚШ пен талибан тобы екі апта бұрын зорлық-зомбылықты тоқтату және кейін атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Алайда, егер АҚШ пен талибан Доха келісіміне қол қойылса да, Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, бұл келісім көптеген қиындықтар мен қиыншылықтарға тап болады деп күтуге болады.