Нау 12, 2020 17:13 Asia/Almaty
  • АҚШ санкциялары Иранда химиялық қарудан жараланғандарды емдеуге теріс әсерін тигізуде

ИИР-ның Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі әрі елшісі АҚШ санкцияларының Иранда химиялық қарудан жараланғандарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізіп жатқанын айтып: «Санкциялар жаралыларды емдеу үдерісін қиындыққа ұшыратты»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиреза Каземи Абади сәрсенбі күні Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының атқарушы кеңестінің 93-ші отырысында сөз сөйлеп,  ИИР-ға қарсы салынған біржақты санкцияларға тоқталып: «Антигуманистік санкциялар Иранда химиялық қарудан жараланғандарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізіп, іс жүзінде науқастарды емдеу үдерісін қиындыққа ұшыратты»,-деді.  

Каземи Абади конвенцияға сәйкес химиялық қарусыздандырудың жан-жақты орындалу қажеттігін айтып: «АҚШ химиялық қаруға ие жалғыз ел ретінде  өз арсеналын жоймай, конвенция мақсаттарының орындалуына кедергі болып отыр. Бұл елден химиялық қаруларын жою арқылы конвенциядағы міндеттемелерін орындауды сұраймыз»,-деді.  

Тегтер