Там 10, 2021 17:52 Asia/Almaty
  • Грекиядағы өрт сегізінші күнге созылып барады

Грекиядағы ауқымды өрт əлі де жалғасып жатыр.

Қазір Грекияда 600-ге жуық ауқымды өрт ошағы бар. Ел бұрын-соңды болмаған экологиялық апатқа ұшырап отыр.

Жергілікті тұрғындар мен туристер өртке ұшырауы ықтимал аудандардан қашуға мəжбүр болды. Елге зор экономикалық шығын мен экологиялық зиян тигізілді. 

Грекиядағы өртте осы күнге дейін 40 мың гектардан аса орман алқабы жанып кетті.

Құрғақшылық пен аптап ыстық салдарынан Грекия мен Түркияда болған өрттен жалпы 10 адам қаза тауып, ондаған адам жараланып,  ауруханаға түсті. 

Тегтер