Қаң 17, 2022 20:17 Asia/Almaty
  • Зангезур дәлізі – Арменияның қызыл сызығы

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Зангезур дәлізі мәселесін Ереван үкіметінің қызыл сызығы деп атады.

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян баспасөз конфедерациясында осы мәселеге тоқталып: «Армения бұған қатысты ешбір мәселені талқылаған жоқ, талқыламайды да»,-деп мәлімдеді.

Григорян Армения мен Түркияның дипломатиялық қатынасын қалыптандыру келіссөздерінің үдерісіне тоқталып: «Бұл келіссөздерге тараптар ешбір алғышартсыз қатысады. Алғышарт ретінде дәліс тақырыбын көтеру еш нәтиже бермейді»,-деді.

Осыдан бұрын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян: «Ереван үкіметі Армения территориясы арқылы Әзірбайжан респубикасы мен Нахичевань арасында дәліз ашуға қарсы»,-деп мәлімдеген болатын.    

Тегтер