Маусым 05, 2024 18:57 Asia/Almaty
  • Иранның мәдени-өнер оқиғаларына шолу: Ирандықтың музыкалық альбомы әлемнің таңдаулы 10 туындысының бірі болды

Ирандық Мохсен Шарифианның «Лука» музыкалық альбомы желқобыз бөліміндегі әлемдегі ең жақсы 10 альбомның бірі ретінде таңдалып, таныстырылды.

 

Имам Хомейни (р.а.) дүниеден өткен күнінің жылдығында шетелдік қонақтардың Қасиетті Қорғаныс мұражайын аралауы, ирандық өнерпаздың музыкалық альбомын әлемнің таңдаулы 10 туындысының бірі ретінде таныстыру, Армения университетінің профессорының Ирандағы әйелдердің жағдайын мадақтауы Иранның ең маңызды әлеуметтік-мәдени жаңалықтарынан болып табылады.

Ирандық режиссердің фильмі Франция халықаралық кинофестиваліне  қатысады

Сейед Мұртаза Сабзқаба түсірген ирандық «Бахман» фильмі Францияда өтетін 6-шы Fenêtre sur Courts халықаралық кинофестивалінің байқау бөліміне қатысу үшін таңдалды. Бұл фильм бұған дейін Филиппиннің екінші азиялық кинофестивалінің үздік фильм сыйлығына, сонымен қатар Италиядағы бірінші Венеция халықаралық кинофестивалінің үздік фильм сыйлығына ұсынылды.

Имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығының шетелдік қонақтары Қасиетті Қорғаныс мұражайын аралады

Имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болуын еске алу рәсіміне қатысқан шетелдік қонақтардың бір тобы Теһрандағы Қасиетті қорғаныс мұражайының жеті залын аралады. Олар Ислам революциясының жеңісіне себеп болған оқиғалардың барысында Ирак Баас режимінің Иранмен таңылған соғысы, қарсыласу майданының әрекеттері мен талпыныстары, ДАИШ лаңкестік тобының зұлымдығы туралы мәліметтермен танысты.

Шетелдік қонақтар Қасиетті Қорғаныс мұражайын аралады

 

Австриядағы Иранның кітап сыйлығының бірінші кезеңінің басталуы

Иран мен Австрия арасындағы мәдени алмасуларды арттыру және  Австрия мен әлемнің басқа немістілді аймақтарындағы ирандық ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында Австриядағы алғашқы Иранның кітап сыйлығын ИИР-ның Венадағы Мәдени өкілдігі 2025 жылдың ақпан айында өткізеді. Бұл сыйлық соңғы 20 жылда неміс тілінде жазылған және Ислам даналығы мен философиясы, шииттік дін, иран-ислам мәдениеті, иран өнері мен әдебиеті, парсы тілі, иран тарихы, ирандық көне жәдігерлер, ирандық туристік орындар және Иран Ислам революциясы деген тоғыз негізгі тақырыптың біріне тиесілі ең жақсы кітаптарға беріледі.

Мың жылдық тарихы бар Киштің Харире қаласы ISECO-да тіркеледі

Киш еркін аймақ ұйымы туризм директорының орынбасары Мехди Адибан осы аралдағы 1000 жылдық тарихы бар Харире қаласының ЮНЕСКО-да уақытша тіркелуіне сілтеме жасай отырып: "Бұл тарихи туындыны жаһандық түрде түпкілікті тіркеуден бұрын, ағымдағы жылдың желтоқсан айында тарихи Харире Киш қаласы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымында (ISCO) тіркеледі",- деді.

Көне және мың жылдық тарихы бар Харире қаласы Иранның оңтүстігіндегі Киш аралының солтүстігінде орналасқан. Харире қаласының құрылу мерзімі хижра 4-ші ғасырының екінші жартысына жатады.

Мың жылдық тарихы бар Киштің Харире қаласы 

 

Ирандықтың музыкалық альбомы әлемнің таңдаулы 10 туындысының бірі болды

Әлемдік музыкадағы кең ауқымды қызметі бар музыкалық журнал болып табылатын және Ұлыбританияда шығарылатын «Songlines» журналы 2024 жылдың мамыр айында Мохсен Шарифианның  «Лука» альбомын 10 таңдаулы альбомның біріне деп атады.  Сондай-ақ «Songlines» журналының жүлдегерлері қатарында ирландиялық «Грэмми» сыйлығының иегері  Дэви Спиллане альбомы да бар.

Иран өнерпаздары Болгария кинофестивалінің құрмет белгісін жеңіп алды

Захра Хуршиди Паджидің «Нуф» анимациясы мен  Мехди Заманпур Киасридің  «Кал Фатеме» деректі фильмі Болгарияда өткен Golden Femi кинофестивалінің үшінші кезеңінің қазылар алқасының шешімімен құрмет белгісін алуға лайықты деп танылды.

 

Армения университетінің ұстазы Ирандағы әйелдердің мәртебесін жоғары бағалады

Армения университетінің профессоры  Изабелла Морадиан Ирандағы әйелдердің отбасы бола тұра, әртүрлі білім мен жұмыстарға ие екеніне тоқталып: «Әртүрлі елдерде мен Иран туралы жағымсыз сөздерді, ирандықтардың санасы жабық және әдеттен тыс мінез-құлық бар дегенді естідім. Бірақ мұның бәрі өтірік екенін көрдім.

 

Тегтер