Қаз 21, 2022 17:27 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Кавказ елдерінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау басты принцип болуы тиіс

Иран Сыртқы істер министрі: «Кавказ елдерінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау басты принцип болуы тиіс. Иран аймақта бөгде күштердің болуына ашық түрде алаңдаушылық білдіреді»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Арменияға сапар барысында осы ел Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесуінде Иранның геосаяси және шекаралық өзгерістерге қарсы екенін тура айтып: «Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыс аймақта алаңдаушылық тудырды. Кавказ аймағы ауыр жағдайды бастан кешіп жатыр. Осы аймақ мемлекеттерінің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау басты принцип болуы тиіс деп санаймыз»,-деді.

Армения Сыртқы істер министрі екі ел қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, дамытуға дайын екенін айтып: «2020 жылдан бері Әзірбайжан Арменияға қарсы шабуылдар жасап келеді. Соңғы шабуыл 13 қыркүйекте болды. Иранға  Армения шекараларын сақтау туралы ашық жолдаулары үшін алғыс айта отырып, келіссөздерді жалғастырғымыз келеді»,-деді.      

 

Тегтер