Қаң 19, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • Еуропа Парламентінде Иранға қарсы мәлімдеме жасалғаннан кейін Амир Абдуллахиан мен Жозеп Боррель телефон арқылы сөйлесті

Еуропа Парламентінде Иранға қарсы ішкі іске араласушы әрі дипломатиялық ережеден тыс қарардың алғынұсқасы жарияланғаннан кейін Иранның Сыртқы істер министрі мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы телефон арқылы сөйлесіп, пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан телефон арқылы Жозеп Боррельмен сөйлесіп, Еуропа Парламентінің Иранға қатынасын қатаң сынға алып, оны ойластырылмаған қате қатынас деп атады.

Амир Абдуллахиан: "Өкінішке қарай, Еуропа Парламентінде Иранға қарсы эмоционалды өткір әрі кәсіби емес қарардың алғынұсқасын қабылдау –  саяси рационализм мен мәдениеттілікке қайшы әрекет",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусын лаңкес деп айыптауы Еуропаның өз аяғына оқ атуымен бірдей екенін айтып: "ИИР Сақшылар корпусының бір ресми мемлекеттік орган екенін сан рет мәлімдеді. Ол Иранның ұлтық қауіпсіздігі және аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әсіресе лаңкестікке қарсы күресте маңызды әрі шешуші рөл ойнайды",-деді.

Тегтер