АҚШ Иранға жаңа санкциялар салды
Маусым 02, 2023 18:57 Asia/Almaty
АҚШ-тың Қаржы министрлігі жауластық саясатты жалғастыра келіп, Иранға жаңа санкциялар салды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Вашингтонның Теһранға қарсы айып тағу саясатын жалғастырып: "Сақшылар корпусына қатысты 5 тұлға мен бір компанияға жаңа санкциялар салдық",-деп мәлімдеді.
Джо Байден үкіметі дипломатиялық қатынас деп ұрандатқанымен, бұрынғыдай Дональд Трамп үкіметінің барынша қысым саясатын жалғастырып, батыстық одақтастарымен бірге адам құқығы деген сылтаумен Иранға санкция салып жатыр.