4 шілдеде Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүшелігі жарияланады
Ресей Федерациясы Президентінің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) істері жөніндегі арнайы өкілі Иран Ислам Республикасын тұрақты мүше етіп қабылдау осы ұйымның 4 шілдедегі саммитінің негізгі шешімдерінің бірі болатынын мәлімдеді.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бақтияр Хакимов 4 шілдеде Нью-Делиде бейнеконференция түрінде өтетін ШЫҰ-ның алдағы отырысында Иранның тұрақты мүше ретінде қосылуы маңызды шешімдердің бірі болатынын айтты. Хакимов Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Халықаралық экономикалық форум аясында: "Теһран Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болу үшін өзінің процедуралық міндеттемелерін орындады. Иран өзінің мүшелігіне қатысты қадамдарды аяқтады және ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің қатарына қосылады",- деді.