Шіл 06, 2023 19:26 Asia/Almaty
  • Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тұрақты мүшесі ретінде Иранның туы Ташкентте көтерілді

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тұрақты мүшесі ретінде Иран Ислам Республикасының туы кеше, сәрсенбі күні  Ташкент қаласында ұйымға мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен ШЫҰ-ның аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы ғимаратында Иран туы көтерілді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері, ШЫҰ-на мүше елдердің елшілері,  байқаушылар мен диалог бойынша серіктестер, ұйымға мүше елдердің тұрақты өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шараның ашылуында ШЫҰ-ның аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқару комитетінің басшысы  Руслан Мирзаев: «Үндістанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының бейнеконференция барысында Иран Ислам Республикасын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына тұрақты мүше етіп қабылдау туралы тарихи шешімнің куәсі болдық»,- деді.

Шараға қатысқан Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов: «ШЫҰ-ның жаңа мүшесінің (Иран) туын көтерудің ресми рәсімі баршаға осы ұйым елдерінің өз дамуының жаңа кезеңіне құлшыныспен қадам басып жатқанын көрсетеді»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер