Пашинян Әзірбайжан мен Армения арасында тағы соғыс болуы ықтималын ескертті
Армения Премьер-министрі осы ел мен Әзірбайжан арасында тағы соғыс болуы ықтималын ескертті.
Al-Jazeera ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Никол Пашинян бейсенбі күні осы ел Министрлер кабинетінің жиналысында: "Әзірбайжан республикасында соңғы бірнеше күнде жасалған әрекеттер бұл елдің тағы бір соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді",-деп ескертті.
Пашинян Әзірбайжан республикасының Қарабақ пен Арменияның шекаралық аймағында соңғы бірнеше күнде жасаған әрекеттеріне тоқталып: "Әзірбайжан өткен бірнеше күнде өз әскерилерін шекара сызығының бойына орналастырды",-деді.
Армения Премьер-министрі: "Әзірбайжан осы қозғалыстар арқылы Қарабақ аймағы мен Арменияға қарсы жаңа арандатушы әскери әрекеттер жасауға дайындалып жатқанын көрсетті",-деп ескертті.
Никол Пашинян сондай-ақ: "Өткен аптада аймақта саяси және әскери жағдай айтарлықтай нашарлап кетті",-деді.