Сәу 14, 2024 22:32 Asia/Almaty
  • Жапония үкіметі АҚШ пен Израильден неге қорқады?

Қысымдағы ұлы халық Жапония Сыртқы істер министрі Израильдің Сириядағы Иран елшілігіне шабуылын айыптаудың орнына біртүрлі қатынас көрсетіп, АҚШ-қа жақтасып, Израильдің басқыншылығына жауап беруде заңды құқығын қолданған Иранды айыптады.

Бұл мақалада әлеуметтік желіде көп талқыланған Жапонияның соңғы төрт әрекетіне шолу жасаймыз. Өкінішке қарай, бұл қатынастар Жапония үкіметінің адал емес екенін, қорқынышқа бой алдырғанын көрсетеді. Бұл жайттар жапон халқы үшін нашар үлгі саналады. Бұл белгілер жапон халқының бала өлтіргіш Израиль режимі мен АҚШ-тың үстемдігінен қатты қорқатынын білдіреді.

  1. Израильдің Сириядағы Иран елшілігіне жасаған шабуылын айыптамады.

Жапония Сыртқы істер министрі біртүрлі қатынас көрсетіп, АҚШ-қа жақтасып, 2024 жыл 1 сәуірде Сириядағы Иран елшілігінің ғимаратын нысанаға алып, оның қызметкерлерін шәһид еткен Израиль режимін айыптауға дайын болмай шықты. Ал бұл жағдайда БҰҰ жарғысы мұны айыптайтынын былай қойғанда, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания мен Франциядан басқа мүше елдердің бәрі Израильдің шабуылын айыптады.

  1. Иранның заңды жауабын айыптады.

Иран Израильдің басқыншылығына жауап ретінде БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етті. Жапония Сыртқы істер министрі Еко Камикава: "Жапония Иранның Израильге қарымта шабуылын қатаң айыптайды",-деді. БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес, осы ұйымға мүше елге қарсы қарулы шабуыл жасалған жағдайда Қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға тиісті шаралар қолданбайынша осы жарлықтың бірде-бір ережесі мүшелердің заңды түрде жеке немесе бірлесіп қорғануына еш кедергі болмайды.  

Жапония Сыртқы істер министрі Еко Камикава  мен Премьер-министрі Фумио Кушида 2023 жылы 20 қазанда Токиода ұлттық диета ғимаратында сөйлесіп отыр.
  1. Америкалық заң шығарушының атом бомбасынан қаза тапқан жапондықтарды қорлағанына наразылық білдірмеді.

Жапония Сыртқы істер министрі Еко Камикава өткен аптада бір баспасөз конференциясында: "Қазіргі таңда Токионың америкалық заң шығарушы Тим Уолбергтің сөздеріне қатысты наразылық білдіруі қажет емес",-деді. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының республикашыл мүшесі Тим Уолберг Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге ядролық шабуыл жасағанына тоқталып, жуырда Газаға атом бомбасын тастау керегін айтып: "Хиросима мен Нагасакидегідей шабуыл болуы тиіс. Тез бітіріңіздер!",-деді.  

  1. Жүздеген мың жапондықты өлтіргендерді құрметтейді.

Жапония Премьер-министрі Фумио Кушида АҚШ-қа сапарында америкалық сарбаздардың зиратына барып, құрмет білдірді.  220 мың жапонды ядролық қарумен күлге айналдырған сарбаздардың басына барды. Бір қызығы, ол осы істен кейін өзін бақытты сезініп, АҚШ-пен қарым-қатынасты керемет деп атады. Америкалық өкілдер тарапынан қолпашталғаннан кейін ол өзінің АҚШ-та өскені туралы айтып берді. Ол бастауыш мектептің алғашқы үш жылын Нью-Йорк қаласында оқыған. Әкесі АҚШ үкіметінің қызметкері болған.

Қорытындылай келе айтарымыз, АҚШ пен Батыс елдері Жапония үкіметіне ақпарат кеңістігінде таралған мәліметтерден де зор саяси-психологиялық үстемдігін сақтап отыр. Сондықтан бұл елді тарихи шындыққа қайшы немесе халықаралық принциптерге қарсы әрекет етуге көндіре алады.   

Тегтер