Maм 23, 2024 23:29 Asia/Almaty
  • Ханияның имам Хаменеимен кездесуі: Алланың қалауымен Израиль жойылады

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания мен оның делегациясы сәрсенбі күні Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде Палестина халқы, әсіресе Газа тұрғындарына тілеулестік білдіріп жатқанына алғыс айтып, Ханияны балаларының шәһид болғанымен құттықтап, көңіл айтып, ХАМАС-тың саяси кеңсесі басшысының сабырлығын мадақтады.

Имам Хаменеи Газа халқының әлемді таң қалдырған айрықша қарсылығына тоқталып: "Бір күні Америка университеттерінде Палестинаны қолдайтын ұрандар көтеріліп, Палестинаның туы тігіледі дегенге кім сенген?"-деді.

Имам Хаменеи: "Болашақта Палестинаға қатысты бүгін сенуге келмейтін оқиғалар орын алуы мүмкін.",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Алланың Мұса пайғамбардың (ғ.) анасына берген екі уәдесінің орындалуы туралы Құран аяттарына сілтеме жасап: "Құдайдың Палестина халқы туралы бірінші уәдесі орындалды. Бұл – кішкентай ғана топ болып табылатын Газа халқының АҚШ, НАТО, Ұлыбритания және кейбір елдердің алдында үстемдігі. Осы негізде екінші уәде, яғни сионистік режимнің жойылуы да жүзеге асуы мүмкін. Алланың қалауымен бір күні мұхиттан өзенге дейінгі аралықта Палестина мемлекеті құрылады",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Конституция бойынша елдің атқарушы билігін мойнына алған Мұхамммед Мохбер Иранның қаза тапқан басшысы Раисидің Палестинаға қатысты саясаттары мен ұстанымдарын сол ынтамен, рухпен жалғастыра береді",-деді.

Осы кездесуде Исмаил Хания Иран үкіметі мен халқының Палестина халқына қолдау білдіріп отырғанына алғыс айтып, Раисиді Палестина мен қарсыласу қозғалысының досы деп атап: "Иранның қаза тапқан Сыртқы істер министрі  Амир Абдуллахиан барлық халықаралық сахналарда және ұйымдарда әрдайым Палестина мен қарсыласу қозғалысын қорғайтын. Мен сан рет оған сіз Қарсыласу қозғалысының Сыртқы істер министрісіз деп айтатынмын",-деді.

ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Газадағы соңғы жағдайды баяндап: "Қазіргі таңда аймақтағы қарсыласу өзегі және Палестинадағы қарсыласу күштері ең жақсы жағдайда, ал сионистік дұшпан ең нашар жағдайда тұр. Бұл Алланың қалауымен болады",-деді.  

Тегтер