Кітап оқуға жеті қадам (1)
(last modified Tue, 19 Nov 2019 08:02:07 GMT )
Қар 19, 2019 14:02 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (1)

Қалай кітап оқуға әдеттеніп, кітапсүйгішке айналуға болады? Кітап оқуды қалай бастауға болады? Қалай оқу керек? Қандай кітап оқуға болады? Осы күнге дейін кітап оқымаған, бірақ оқығысы келетін адамдардың басында осындай ондаған сауал болуы мүмкін. Егер сіз де кітапсүйгіштер қатарына қосылғыңыз келсе, осы апта бізбен бірге болыңыздар. Бұл апта Иранда "Кітап және кітап оқу апталығы" деп аталған.

Оқи алу қабілеті – бүгінгі әлемнің ең маңызды негізгі қабілеттерінің бірі. Оқу қазіргі қоғаммен байланысу үшін өте қажет. Онлайн қалыпта немесе кітаптар мен журналдар арқылы мағлұматтарға қолжетімділік адамдардың айналадағы әлемнен мағлұмат алып, бір-бірімен оңай байланыс орнатуына себеп болады. Адамның миы ұдайы дамуды қажет етеді. Оқу – адам миының дамуына көмектесетін істердің бірі. Өйткені білім мен мағлұматты артырумен қоса, ми жұмысының жақсаруына және әртүрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Күнделікті стрестерді азайту, мидің күш-қабілетін нығайту, Альцгеймер ауруының алдын алу, ғылым мен білімді арттыру, байланыс қабілеттерін жақсарту, сөздік қорды арттыру, сараптау қабілетін жақсарту, күнделікті тақырыптарды талдау – осының бәрі кітап оқудың пайдаларының бір бөлігі ғана.

Мынадай сауал туындайды: осынша көп пайдасы болғандықтан, адам бойында кітап оқу әдетін қалайша күшейтуге болады? Бірнеше ережені ұстану және бірқатар кеңесті пайдалану бұл жолды белгілі бір деңгейде жеңілдете алады.

Бірінші қадамда кітапқа деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Кітап – біздің өміріміздің сапасын жақсартуға көмектесетін құрал. Оған бір люкс тауар ретінде қарамағаныңыз дұрыс. Кітап ешқашан сатып алуға ақшаңыз жетпейтін люкс зат емес. Бір пицца кем жеп, оның ақшасына кітап сатып алыңыз да, оған біліміңізді арттыратын құрал ретінде қараңыз. Хабардарлыңыздың артуы өміріңіздің сапасының жақсаруына септігін тигізетініне күмәніңіз болмасын. Бәрінен бұрын біздің өміріміздің сапасы біздің ойымызға байланысты. Ал ойымыз кітап оқып, білім алу арқылы жасырақ сапаға ие болып, жаңа салаларға жол ашады.

Адам денесінің өсуіне тамақтану қаншалықты қажет болса, кітап оқу  да рухқа соншалықты қажет. Кітап – рухтың азығы. Кітап оқу күнделікті істердің қатарына енгізілуі тиіс. Бұл істі минималды бюджетпен бастауға болады. Бір жұмысты бастау қиын болар, бірақ уақыт өте келе әдетке айналып, өмір ағымына енеді. Өз бюджетіңізді жоспарлау арқылы кітаптың біздің сатып алу себетіміз мен тізімізде тиісті орынға ие бола алатынын көресіз. Бұл басқа қаражатты да тиімді жұмсауға көмектесуі мүмкін. Сондықтан есіңізде болсын, алдымен артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Қажет емес заттарды сатып алудан бас тарту және тіпті басқа шығындарды азайтудан қалатын қаражат біздің бір кітап дүкеніне баруымызға жеткілікті.

Бүгінгі күннің алтын ойы: біздің өміріміздің сапасын екі нәрсе анықтайды: оқитын кітаптарымыз және кездесетін адамдарымыз. Сапалы болыңыздар!