Маусым 01, 2017 18:03 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 8

Тыныштық – адамзаттың жоғалтқан нәрсесі. Негізінде, адамның талпыныстары мен ләззаттарының ең маңызды мақсаттарының бірін тыныштыққа жету деп айтуға болады. Адам байлық жинап, үй мен жер сатып алып, сән-салтанат туралы ойлап, сондай-ақ, Аллаға құлшылық етіп, тыныштыққа жеткісі келеді. Расында, айтылған жайттардың қайсында адам тұрақты тыныштыққа жетеді»?

Психологтар былай дейді: «Біз, адамдар жаратылысымыздан махаббатты қабылдайтын көптеген қоймаларға иеміз. Олардың біреуі босаса, тапшылық сезіп, алаңдаймыз. Ең маңызды қоймалардың бірі Алланың махаббатымен толып, бізге тыныштық беретін қойма саналады. 

 Германиялық психолог Эрик Фром: «Материалдық тұрмыс пен қоғамдық қауіпсіздік бақыт пен тыныштыққа себеп болуы керек еді. Шексіз өндіріс, абсолютты бостандық, таңдандаратын даму уәде етілген мәңгілік жанныттың орнына жер жұмағына жеткізбек болған. Бірақ, өнеркәсіптік ғасыр өз уәделерін орындай алмады. Халық күннен-күнге хабардар болып, шексіз нәпсінің тыныштық пен қауіпсіздікке жеткізбейтінін  түсінуде»,- деді.

Тыныштық - адамзаттың жоғалтқан нәрсесі

1952-ші жылы Нобель сыйлығына ие болған германиялық дәрігер Альберт Швейц дүниежүзі халықтарына: «Адам супермен болды. Бірақ, бұл суперменнің ақылы мен кемеңгерлігі артпады. Адамзаттың құдыреті артқан сайын адам  әлсіз жаратылысқа айналды. Бұл мәселе ұждандырымызды алаңдатуы керек»,- деп ескертті.

«Рағд» сүресінің 28-ші аятынан: «Сондай иман келтіргендер Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады»,- деп оқимыз.

Адамның жаратылысында оны тыныштықтан айыратын махаббат, дерт пен қалаулар бар. Адам өнеркәсіп, астрономия, медицина және басқа салаларда алға ілгерілегенімен, тыныштыққа бөленбейді. Өйткені, мақсатына жетпейді. Адамның жүрегі Алламен қарым-қатынас орнатқан кезде ғана тыныштық табады. Адамның тезірек оянып, уақытты босқа кетірмей, өмірін бұл дүниенің ләззаттарымен кетірмегені дұрыс болар еді.

  Алланы  еске алумен ғана жүректер тынышталады

     ********************************************** 

 «Ниса» сүресінің 64-ші аяты:

وَ ما اَرْسَلْنا مِنْ رَسُولٍ اِلّا لِیُطاعَ بِاِذْنِ اللَّهِ وَ لَوْ اَنَّهُمْ اِذ ظَلَمُوا اَنْفُسَهُمْ جاءُوکَ فَاسْتَغْفَرُوا اللَّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُوا اللَّهَ تَوَّاباً رَحیماً.

«Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді».    

Алла Тағала илаһи жолдауын адамдарға жеткізу үшін өз пенделерінің арасынан пайғамбарларын сайлады. Олар халықты адамгершілік пен кемелдікке қарай жетелейді. Бұл аят илаһи пайғамбарлардың болмысындағы әр нәрсенің Алладан және Аллаға бағынғандай оларға да бағынудың уәжіп   екенін көрсетеді. Аяттың жалғасында күнәһарлар үшін қайту жолын көрсетеді. Айта кететін жайт, бұл аятта «Аллаға бағынбады» деп айтудың орнына «Өздеріне зұлымдық жасаған кезде» деп айтылған.  Яғни, Аллаға бағынбай, Оның бұйрығын орындамағандар негізінде өздеріне зұлымдық жасағандар. Өйткені, илаһи бұйрықтар адамның мүддесін көздейді. Сол бұйрықтарға назар аудармаған адам өз өмірінің негіздеріне нұқсан келтіріп, рухани тұрғыдан алға ілгерілемейді. Сонымен қатар, бұл аят – пайғамбарға тавассул етуді күпірліктің бір түрі деп санайтындарға  берілген жауап. Осы аятта: «...Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,- деп айтылған. Егер пайғамбар арқылы кешірім сұрау күпірлік болса, неліктен Құран күнәһарларға мұндай бұйрық береді? Күнәһар адамдар басында тәубаға келіп, қате жолдан оралып, содан соң тәубесі қабыл болуы үшін пайғамбардың кешірім сұрауын пайдаланады. Айта кететін жайт, Құран «Сен олар үшін кешірім сұра» деп бұйырмайды. Құран: «Пайғамбар олар үшін жарылқау тілейді» дейді. Сөйтіп, пайғамбардың Алланың алдындағы жоғары дәрежесін көрсетіп, соны пайдаланып, тәубаға келген күнәһарлар үшін кешірім сұрайды.

Ходже Абдолла Ансари да бұл аяттың әдеби және мистикалық тәпсірінде: «Бұл аят хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Алланың алдындағы жоғары беделі және Алланың оны баршаның арасынан сайлап, оның бұйрығын Өз бұйрығымен тең етті. Сөйтіп әлемдіктерге Алла елшісіне бағынуды Аллаға бағыну, Алла елшісінің ғамалын уаһиді орындау, оның сөзін шындық деп көрсетті»,- деген болатын.

   ****************************************

Дәрігер мен диетологтың кеңестері: Салехи ханымның мәселесі сіздердің мәселелеріңіздің де бірі болар: «Мен ораза тұтқанды жақсы көремін. Бұл айдың жүрекке жағымды әрі рухани көңіл-күйі әдемі. Бірақ ораза тұтқан кезде әлсіреп, мазам кетеді. Сондықтан ғибадатымды соңына дейін орындай аламын ба деп уайымдаймын»,- дейді.

Мұңдай алаңдаушылық білдіретін Салехи ханым мен басқа достарымыздың есіне сала кетейік. Басқа кезеңдермен салыстырғанда ыстық күндері ораза тұтудың айырмашылығы айқын. Ыстық күндері адам жылдам шөлдеп, әсіресе жұмыс істейтін адамдар энергиясы мен физикалық белсенділігінің төмендеуімен кезігеді. Мамандар қасиетті рамазан айындағы шөл мен аштықтың қиындықтарын азайту үшін мүмкіндігіне қарай сәресін ішу қажеттігіне көңіл бөледі. Өйткені, егер адам сәресін ішпесе денесіне қажет көмірсулар азайып, қанның құрамындағы қант мөдшері төмендеп, басы ауырып, жүйкесі әлсірейді.

Сәресін ішу – исламдық сүннет. Ол ораза тұтқан кездегі қиындықтарды азайтады. Сондықтан мұсылман үшін сәресі кезінде тұрып, бірнеше құрма жеп немесе шамалы су ішсе де мұстахаб саналады. Ақуызы көп аспен тамақтану аштықтан пайда болатын әлсіздікті азайтады. Макарон немесе кәуап жеу ораза кезінде тез қарын ашудың алдын алады. Сәресі кезінде көп тәтті жеуге кеңес берілмейді. Мәселен, шәрбат пен тосап қандағы қантты  жылдам көтеріп, инсулиннің секрециясына себеп болады. Көкіністі көп пайдалану шөлдің алдын алады.

Диетолог Хаджи Фараджи мырза: «Сәресі – ең маңызды ас. Сондықтан ораза тұтушылар көкініс пен крахмалы бар аспен тамақтанып, ішектерінің жұмысын бақылауға ала алады. Ораза тұтушылардың рационында майсыз немесе майы аз ет болуы керек. Керісінше, бұл айда майлы, әсіресе қуырылған ас жемеген жөн. Өйткені, майлы және қуырылған тамақ адамды әлсіретіп, дененің ісуіне себеп болуы мүмкін. Сол себепті, суға қайнатып пісіретін тамақтарды жеген дұрыс»,- деді.  Сонымен бірге барлық діндерде сәресі кезінің Алланы мадақтап, Онымен сырласатын ең жақсы уақыт екендігі қуатталған. Алла елшісі: «Сәресі кезінде кешірім сұрап, сәресін ішетін адамдар үшін періштелер кешірім сұрайды»,- деп айтқан болатын.

 

Тегтер