Маусым 10, 2017 18:40 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 14

Оразаның философиясы ешкім үшін жасырын емес. Ораза тұтушы бірнеше күннен кейін өзін жеңіл сезінеді. Жеңілдікті сезіну үшін адам артық тамақтанбай, пайдалы тамақты қанағат тұтуы керек

Қасиетті Рамазан айының ортасына жақындадық. Алладан айдың қалған күндері  болмысымызға рақым жаңбырын жаудыруды сұраймыз. Намаз бен ораза сынды діни тағылымдар мен шариғаттың бізге ұсынылған мұраларымен бірге бізге ғылым мен білім және діни ойларды сақтап, таратқан мұсылман ғалымдардың мұралары да қалды. Бұл адамдар көптеген қиындықтардан өтіп, өз жолдарын жалғастыру үшін үйлері мен отандарынан хиджрат еткен. Дін үлемдері ілім жолында өздерін тіпті ең қажет нәрселерден мақұрым еткен. Таза ниеттері үшін олар илаһи несібеге ие болды. Марқұм Сейед Асадолла Исфаһани  шиіттердің әйгілі ғалымдарының бірі Мұхаддес Нури туралы: «Күндердің бірінде Мұхаддес Нуримен Кербалаға бардық. Жол ортасында Мұхаддес Нури екі кітаптың атын есіне алып: «Мен бұл екі кітапты қатты жақсы көремін. Бірақ осы кезге дейін қанша іздесем де оларды таба алмадым. Бұл сапарымда соларды имам Хусейн (ғ.с.)-нан алғым келеді»,- деді. Кербалаға жеткенше ол бұл сөзін бірнеше рет қайталады.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне жетіп, оны зиярат етіп, кесенеден шықтық. Аяқ киімді сақтайтын жерде қолына екі кітапты ұстап тұрған әйелді көрдік. Мұхаддес Нури: «Бұл не кітаптар?»- деп сұрады. Әйел: «Сатылатын кітаптар»,- деді. Біз кітаптарды қарадық. Сонда олардың Мұхаддес Нури іздеп жүрген кітаптар екенін көрдік. Мұхаддес Нури қаншаға сататынын сұрады. Әйел: «22 қыран»,- деп жауап берді. Мұхаддес Нури маған: «Бар ақшаңды бер»,- деді. Біз екеуіміздің бар ақшамызды жинап, әйелге бердік. Бұл тек алты қыран еді. Мен: «Біз еш нәрсе жемедік. Барлық ашамызды кітапқа жұмсадық, бірақ, бәрібір әйел айтқан ақшаға жетпеді. Енді қалған ақшаны қайтан аламыз?» деген ойға кеттім.

Әйел: «Маған еріңдер»,- деді. Базарға бардық. Мұхаддес Нури абасы мен басындағы сәлдесін сатты, бірақ ақшамыз бәрібір жетпеді. Ол аяқ киімін де сатып, 22 қыранға жеткізіп, әйелге берді. Мен: «Өзіңізді неліктен мұндай жағдайға жеткіздіңіз?»- деп сұрадым. Ол: «Маңызды емес, біз дәруішпіз»,- деді. Осы түрімізбен аулаға аяқ бастық. Достарымыз көріп, киім әкеліп, ғалымға кигізді»,- деп есіне алатын.

Мұхаддес Нури – шиіттердің  әйгілі ғалымдарының бірі. Ол оңайлықпен табылмайтын екі кітапты сатып алу үшін көше мен базарда абасыз және сәлдесіз жүруге дейін барып, оны өзінің білімі мен дәрежесінің критериі санамады.

Әйгілі ғалымдарының бірі Хадж Мирза Хосейн Мұхаддес Нури

 

              ********************************

 

«Һуд» сүресінің 112-ші аят:

فَاستَقِم کَما أُمِرتَ وَمَن تابَ مَعَکَ وَلا تَطغَوا ۚ إِنَّهُ بِما تَعمَلونَ بَصیرٌ:

 

«(Мұхаммад с.ғ.с.) бұйырылғанындай тура бол! Сенімен бірге тәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла, не істегендеріңді толық көруші».                                                                                                                                                          Бұл аятта Алла Тағала пайғамбарға (с.ғ.с.)  «Өзіңе бұйырғандай, бұл жолда табандылық  білдіріп, қарсылас. Насихат және илаһи міндеттерді орындау мен Құран тағылымдарын тарату жолында табандылық білдір» дейді.  Әрине, бұл бұйрық тек пайғамбарға ғана қатысты емес. Ол шірктен иманға бет бұрған мүміндерді де табандылыққа шақырады. Адамдар бір жақтан дұшпандар мен бүлікшілердің және билік басындағылардың шабуылдарымен, басқа жақтан нәпсілік талап-тілектердің шабуылдарымен кезігуде. Күміс пен алтынға, ақшаға, шаһуатқа пен лауазымға деген махаббат адамның жүрегін торлайды. Мүміндерді дұшпандардың қысымы мен жүректердің ішкі қысымдары сынды қызықтыратын екі мықты күштің арасында сақтау исламның пайғамбарын жылдам қартайтты. Рауаяттардың бірінде бұл аят түскен кезде пайғамбар: «Еңбек пен талпыныстың уақыты келді» деген. Пайғамбардың болмысынан шынайылық байқалды. Оның дәлелі де анық болды. Өйткені,  бұл аятта табандылық, ықылас, мүміндердің басшылығы мен шабуыл жасамау сынды маңызды тақырыптарға назар аударылды. Бұл аятта сонымен бірге олардың әрқайсының адамның иығына ауыр жүк артқаны туралы да айтылды. Бұл негізге көңіл аудармай, мұсылмандардың шекараларын іші мен сыртынан қоршауға алған және мәдени, саяси және экономикалық барлық құралдарға ие дұшпандарды жеңу мүмкін болмайды.

Ходже Абдолла Ансари бұл аят туралы: «Барлық әлемде және хазірет Адамның барлық перзенттерінің арасында осылай атауға лайық кім бар? Пайғамбарлық міндетке сайланған және Алланың мейіріміне бөленген Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-нан басқа кім бар?»- деген.

 

        ***********************************

 

 Оразаның философиясы ешкім үшін жасырын емес. Ораза тұтушы бірнеше күннен кейін өзін жеңіл сезінеді. Жеңілдікті сезіну үшін адам артық тамақтанбай, пайдалы тамақты қанағат тұтуы керек. Аз тамақтанудын мақсаты салмақты азайту емес. Адамның денсаулығы жақсы болу үшін денеге қажет мөлшерде ғана тамақтану қажет. Кейбір жастар арық болу үшін қажеттіліктерінен азырақ тамақтанады. Бұл миға қажет құрамдардың тапшылығына себеп болып, сүйектің кальций мөлшерінің тапшылығына, қаназдық, бас ауруы мен әлсіреу сынды мәселелерге тірейді.

Діни тұлғалардың  хадистері мен рауаяттарында, егер барша Құран мен пәк имамдардың денсаулық пен гигиена туралы ақыл-кеңестеріне сай амал етсе, әртүрлі физикалық және психикалық аурулар мен қиындықтардың азаятындығы, тамақтанған кезде ортаны ұстаудың адамның физикалық саулығы мен бірге рухани саулығына да әсер ететіндігі айтылған. Осыған орай діни тұлғалар «Тамақтану үшін өмір сүрме, өмір сүру үшін тамақтан»,- деп кеңес береді.

Рамазан айындағы тамақтану

Аз тамақтану мен дұрыс тұтыну адамның денсаулығы үшін пайдалы. Имам Әли (ғ.с.): «Аз тамақтану нәпсіні құрметке бөлеп,  денсаулықты нығайтады»,- деп айтқан болатын. Алла елшісі аз тамақтануды барлық дәрілердің анасы деп атап, сөзінің бірінде: «Егер отбасының мүшелері аз тамақтанса, сол үй нұрланады»,- деген. Бүгінгі ғылым аз тамақтануды денсаулық пен шаттық және ұзақ өмірдің себебі деп санайды. Имам Реза (ғ.с.) бұл салада: «Дене егінге дайын жер сынды. Егер оған дұрыс қарап, уақытылы және қажет мөлшерде суарылып тұрса, өнімі артып, жинаған кезде берекелі болады. Бірақ, егер немқұрайдылық танытылса, арам шөп басады. Ішіп, жеу де осыған ұқсас. Егер дұрыс мөлшерде болса денсаулыққа себеп болады. Ағзаңа қандай тамақтар мен сусындар қажет болса, соларды таңда»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 62-ші том).

 

Тегтер