Там 12, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері (11)

«Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері» атты бағдарламамыздың келесі бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

Иран мен әлемдегі ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктер

Ирандық зерттеушілердің маңызды жетістіктерінің жалғасында ғалымдар ластаушы заттарды оттегіге айналдыратын асфальт өндіруге қол жеткізді. Көмірсутекті ластаушыларды зарарсыз су, көміртегі диоксиді мен оттегінің қоспасына айталдырып тазартатын асфальт пен шатыр жабынын өндіру технологиясы алғаш рет Ахваз қаласының Азат университетінің зерттеушілері тарапынан жүзеге асырылды.

Ластаушы заттарды оттегіге айналдыратын асфальт

Жобаны орындаушы доктор Ибрахим Панаһпур: «Жобаның технологиясын бұрғылау кезінде қолданылатын ерітінділердің ішкі ластаушыларына пайдаланған зерттеудің нәтижесінде ерітіндіде бар көмірсутекті ластаушы заттардың шамамен 75 пайызы жойылды. Сонымен қатар мұнаймен ластанған топыраққа жасалған тағы бір зерттеуде ластаушы заттардың 90 пайызға жуығы тазарып, жоғалды»,-дейді.

Ауаның ластануын зерттейтін мамандардың айтуынша, бұл жоба қазіргі таңда орындалатын мүмкіндікке ие. Жобаны орындаған жағдайда әрбір шаршы метр асфальттың қорытынды бағасы шамамен 2 мың тұманға (50 центке) артады.  Бұл жобада Иранда бар кен пайдаланылды. Аталмыш технологияны асфальтта, гидроизоляциялық жабындар мен қаланы көріктендіріп, жабдықтауда, күннің нұры түсетін барлық беттерге қолдануға болады. 

Ластаушы заттарды оттегіге айналдыратын асфальт өндіру

Сонымен қатар келесі бір зерттеу жұмысында Иранның Машһад қаласындағы Медицина университетінің қан тамырларына ота жасау зерттеу орталығының басшысы діңгекті жасушаларды дененің төменгі бөлігіндегі қан тамырларының бітеліп қалуын емдеуге пайдаланғанын хабарлады. Доктор Хасан Равари: «Дененің төменгі бөлігіндегі қан тамырларының бітеліп қалуын емдеу үшін ангиопластикалық ота жасау, баллон және серіппе қоюмен қатар діңгекті жасушаларды пайдалану – біз орындап жатқан маңызды жобалардың бірі. 1395 жылдың аяғына дейін науқастардың қатысуымен жүргізілген осы зерттеудің статистикалық нәтижесі жарияланады»,-дейді. 

Доктор Раваридің айтуынша,  бұл жоба әлемде өте жаңа іс болып саналады. Өйткені, бұл жобада қан тамырларына пластикалық ота жасатқан науқастардың тамырлары қайта бітеліп қалмауына талпыныс жасалады. Жобаның бастапқы кезеңінде тамырлардың қайта бітеліп қалмауына кедергі жасау үшін діңгекті жасушаларды пайдалануға күш салынады.

Дененің төменгі бөлігіндегі қан тамырларының бітеліп қалуын емдеу үшін діңгекті жасушаларды пайдалану

Келесі хабар үй жағдайында оттегі өндіретін құрылғының жасалуына қатысты. Ирандық мамандандардың талпынысымен жобаланған оттегі өндіретін құрылғылар ИИИ Президенті кеңсесінің ғылым және технология бөлімінің қолдауымен медициналық жабдықтарды өндіру технологиясының ірі ұлттық жобасының аясында құны шетелдік өнімнің жарты бағасын құрайтын көптеп өндіру кезеңіне жетті. Оттегі өндіру құрылғысы импортталатын ұқсас тауардың ең жақсы үлгісінің сапасына ие.

Үй жағдайында оттегі өндіретін құрылғы

Тыныс жолдары ауыратын адамдар (демікпе ауруына шалдыққандар) ұдайы оттегіні қажет ететіндіктен, үнемі оттегі өндіретін құрылғыны пайдалануы керек. Осындай құрылғыға қолжетімсіздік оларды ауыр қиындықтарға ұшыратады. Осы құрылғыны пайдаланатындарға химиялық қарудан зардап шеккендер, COPD ауруына шалдыққандар, тыныс жолдары мен жүрек және демікпе ауруымен ауыратындар мен оттегінің жеткізілуін қажет ететін барлық науқастар жатады.

Бұл құрылғының шетелдік нұсқасы ғылыми тұрғыдан нақты зерттелгеннен кейін оның жергілікті нұсқасын жасап, технологиясын өндіру басталды. Жеке қаражаттың арқасында зертхана көлемінде оның бөлшектері жасалып, құрылғының алғашқы зертханалық үлгісі пайда болды. Содан соң ИИР Президенті кеңсесінің ғылым және технология бөлімінің осы жобаны ілгерілетуге бөлген көмегінің арқасында бұл құрылғының жартылай өндірістік үлгісі өндіріс сатысына жетті. Жоба басталғаннан 3 жыл өткен соң барлық қиындықтар мен кемшіліктерге қарамастан, құрылғыны жасау сатылары жақсы өтіп, өндіріс желісі іске қосылған соң жартылай өндірістік үлгі жетілдіріліп, Иранда оны жаппай өндіру басталды.

Ирандық зерттеушілер, сонымен қатар, жуырда спортшылардың жүрегінің қағысын, жылдамдығы мен қашықтығын онлайн режимде өлшейтін құралды жобалап, жасап шықты. Бұл құрылғы жаттықтырушы мен спортшыға әртүрлі параметрлерді жоғары нақтылықпен есептеуге мүмкіндік берді.

Спортшылардың жүрегінің қағысын, жылдамдығы мен қашықтығын онлайн режимде өлшейтін құралды жобалап, жасау

Бұл құрылғының нақтылығының жоғарылығы соншалықты, онымен дұрыс жасалмаған қадамдарды да өлшеуге болады. Құрылғы, сондай-ақ, спортшының кетірген калориясының мөлшерін де көрсете алады. 

Осы жобаны орындаушы Мұхаммад Хейдари: «Қазіргі таңда мұның бір шетелдік үлгісі бар. Бірақ ол жаттықтырушыға онлайн режимде бірнеше параметрді бере алмайды. Сонымен қатар GPS түрінде болғандықтан төбесі жабық жерлерде жылдамдық пен қашықтықты есептей алмайды»,-дейді.

Діңгекті жасушаларды пайдаланып, көз ауруының ең жоғары дәрежесіне шалдыққан тышқандардың (көру қабілетінен мүлде айырылған деп есептелетін науқастардың) көру қабілетін қайтаруға болады. 

Жапондық зерттеушілер жуырда діңгекті жасушаларды зертханада көздің ішкі тор қабығын қайта өсіруге қолданып, тор қабығын көзі көрмей қалған тышқандарға салған. Зерттеушілердің айтуынша, осы тәсілдің нәтижесінде тышқандардың 40 пайыздан астамы нұрды көру қабілетіне ие болған.

Діңгекті жасушалардың көмегімен көру қабілетіне ие болу

Зерттеушілердің пікірі бойынша, олар нұр мен көз торының нұрды қабылдағыштарын сезе алатын жазушаларды алғаш рет трансплантациялады. Бұл жасушалар қабылдаушының жүйке жүйесіне қосылып, сигналдарды миға жібереді. Жапонияның Рикен биологиялық даму орталығындағы жобаның басшысы әрі мақаланың авторы доктор Мичико Мандай: «Біз алғашқыда қатты толқыдық. Бұл трансплант тұрақты түрде нұрға жауап береді»,-деді.

Зерттеушілер ақырында көздің ішкі торындағы жасушалар мен діңгекті жасушалар транспланты арасында байланыс күшейіп, тышқандар нұрдан да басқа заттарды көруге мүмкіндік алады деп үміттенеді.

Ішкі тор – көздің ішкі жағындағы қабат. Ол шын мәнінде нұрды сезіп, сигналдарды миға жібереді. Ми оны өңдеп, белгілі бір суретке айналдырады. Ішкі тордың бүлінуіне шалдыққан адамдарда жасушалар нұрға деген сезімталдықтан айырылып, ақырында соқыр болып қалады. Адамның жасына байланысты макулярлық дегенерация – ішкі тордың ең көп таралған сырқаты. Әлемнің түкпір‑түкпірінде 170 млн-ға жуық адам осы ауруға шалдыққан.