Ақп 12, 2018 21:15 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 30

Мешіт – қоғамның кішкентай бірлігі болғанымен, ислам тағылымдары билігінің көрінісі. Сондықтан тақуалық, ілім, жиһад, бауырластық, теңдік және әділет сынды құндылықтарға жету мешіттен басталады.

Мешіт – жақсылыққа жігерлендіріп,  жамандықтан жирендіру мәселесін іске асыру үшін қолайлы мекен. Өйткені, көбінесе әр мұсылманның қоғамның тағдырын анықтау және қоғамдық міндеттерді қабылдаудағы рөлі мұсылманды жақтастарының ортасында орын алып жатқан барлық істерге бақылаушы болуға міндеттейді. Бұл мәселе Исламда «жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру» деп аталады. Бұл іс намаз бен ораза және зекет сынды Ислам дінінің қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Құран Кәрім «Тәубе» сүресінің 71-ші аятында мүміндердің ерекшеліктері туралы: «Мүмін  ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ, олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады»,- дейді. Осы аят бойынша, мүмін адамдар бір-бірінің тағдырына немқұрайдылық танытпайды. Өйткені, олар өздерін бір санап, қоғамға әсерлерін тигізеді. Исламның ұлық пайғамбары қарапайым және анық мысалды баяндап, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірудің маңызды қажеттіліктерінің біріне тоқталып: «Халықтың арасындағы күнәһар адам бір топпен кемеге отырған сынды. Кеме теңіздің ортасына жеткен кезде өзі отырған жерді балтамен шаба бастайды. Оған наразылық білдірген әрбір адамға: «Менің тек өз үлесіммен ғана  ісім бар. Бұл менің жерім»,- деп жауап береді. Бұл ақымақ сөз. Егер басқалар оған бұл қатерлі ісін қойдырмағанда, көп ұзамай барлығы батып кететін еді»,- деп айтқан болатын.

Жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіру мәселесінде мешіттің рөлі теңдесде исламның ұлық пайғамбары мешітті салғаннан бері осы қасиетті мекен сөз сөйлеу, білім беру және қасиетті міндеттерді іске асыру үшін мықты база болып келеді. Иранның мұсылман халқы  дәл осы базаны пайдаланып, залымдардың алдында жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру міндетін жандандырып, Пехлевидің үстем режимін құлатып, оның орнына Ислам республикасы жүйесін орнатты. Мешіт Иранның Ислам революциясында өте маңызды рөл атқарды. Зерттеушілердің көбі Иранның Ислам революциясын «мешіттің перзенті»  санайды. Айта кететін жайт, Пехлеви әулетінің бірінші патшасы Резахан ағылшындардың қолдауымен Иранның үкімет басына келіп, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруге тыйым салатын мәлімдеме жариялады. Бұл мәлімдемеде: «Тек үкімет қызметкерлерінің халыққа ескерту жасау құқығы бар. Енді халықтың, соның ішінде діни оқу орындарының шәкірттері мен діни ғұламалардың ислам дінінің ең маңызды істерінің бірі саналатын бұл міндетті орындауға рұқсаты жоқ»,- деп айтылған. Негізінде хазірет Әли (ғ.с.) бұл істі маңызды санап: «Алла жолындағы барлық жақсы амалдар, тіпті жиһадтың өзі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірудің алдында теңізге таматын бір тамшы сынды»,- деген болатын. Сондықтан Иранның мұсылман халқы Пехлеви үкіметінің зұлымдығына төзбей, мешіттерде наразылықтарын баяндады. Жамағат намазы имамдарының уағыздары мен халықтың Реазханның Исламға қарсы саясаттары мен патшаның қоғамдық жемқорлығына рекцсіз. Өйткені, мешіт – жақсылыққа жігерлендіріп,  жамандықтан жирендірудің орталығы. Негізіния білдіруі билік басындағы үкіметті кейін шегінуге мәжбүрледі.

Иранның мешіттері Ислам революциясы жоғары толқынына жеткен кезде көтеріліс пен наразылықтардың орталығы болды. Діндарлар мен жамағат намазының имамдары мешіттерді революцияны басқару үшін, халық та бұл қасиетті мекендерді илаһи қозғалыстарын жалғастыру үшін пайдаланды. Революция белсенділері мешіттерде мәліметтермен алмасып, кеңесулер өткізді. Патшалық режимге қарсы әшкере мәлімдемелер Иранның мешіттерінің көбінде таратылды. Кейде күресу үшін имам Саджад (ғ.с.)-ның тәсілдері қолданылды. Яғни, діни белсенділер намаздан немесе діни уағыздардан кейін өз наразылықтарын дұғамен көрсетті. Дұға тілеушілер көтеріліс пен шерулер үшін  жағдай тудырды. Олар зұлымдық пен әділетсіздікті жою үшін Алладан көмек сұрап, дұға етуімен бірге имам Хомейнидің денсаулығы мен ол хазіреттің елге оралуын тіледі.

    *********************************

Иранның ең маңызды мешіттерінің бірі Гаухаршад мешітімен таныстыруды жалғастырамыз. Гаухаршад мешіті  Тимури әулеті кезіндегі Шахрухтың әйелі Гаухаршад ханшайымның бұйрығымен имам Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінің қасында салынды. Мешіт Тимури әулеті билігі кезіндегі бірегей архитектуралық туынды болды. Гаухаршад мешіті ғимаратының ерекшелігі және сәулетіндегі безендіру өнеріне байланысты Иранның ең танымал тарихи ғимараттарының бірі саналады. Тарихи деректер бойынша Гаухаршад ханшайым кеңесшілермен бірге мешіттің құрылыс кезеңін бақылауға алған.

Гаухаршад мешіті – имам Реза кесенесі кешенінің бір бөлімі. Салынған кезде оның төрт дарбазасы болған. Алайда қазір ол жерде сегіз дарбаза бар.

Гаухаршад мешіті діни құндылықтарды қорғау  саласында маңызды рөл атқарды. Пехлеви әулетінің бірінші патшасы, яғни Резахан билігі кезінде діни негіздерді жойып, Иранның шығыс және дәстүрлі әдістерін өзгерту үшін көптеген талпыныс жасалды. Талпыныстар көбінесе күш көрсету арқылы іске асырылды. Исламның шариғатына қайшы әрекеттер Түркияның батысшыл диктаторы Ататүрктен үлгі алу арқылы күшейді. Ол басында ерлердің киімін өзгертіп, қалпақ киюді бұйырды. Діни ғұламалар бұл шешімге қарсы шықты, өйткені ерлердің киімін өзгерту әйелдердің хиджабына қарсы шығумен аяқталуы ықтимал болды. Осыған орай Мешхедтің әйгілі ғұламасы аятолла Құми Резаханмен сөйлесіп, оны әрекеттерін жалғастырудан бас тартқызу үшін  Теһранға аттанды. Бірақ, аятолла Құми Теһранға кірерден бұрын полиция оны қамауға алды. Аятолла Құмидің қамауға алынуы туралы хабар таратыла салысымен Мешхед халқы наразылық білдіріп, Гаухаршад мешітіне жиналды.

Сөйтіп, Гаухаршад мешіті үкіметтің бөгде киім кигізу және Исламға қарсы саясаттарына қарсы халық жиналатын мекенге айналды. Кейбір күрескер ғұламалардың қамауға алынуымен наразылық жиындарына қатысушылардың саны артып, үкіметке қарсы наразылық үні мен халықтың ұрандары күшейді. Теһраннан Мешхедтің жандармериясына қаланың танымал уағызшыларын құрықтауға бұйрық берілді. Бірақ, Гаухаршад мешітіне дін ғұламаларының сөзін тыңдауға жиналатын адамдардың саны күн сайын артты. Хиджри шамси күнтізбесінің 1314 жылының тир айының 20-сы (сәйкесінше 1935-ші жылы) жұма күні таң алагеуімде Резахан үкіметінің әскерилері халықты тарату үшін Гаухаршад мешітінде жиналған халыққа қарсы оқ жаудырды. Оқиға салдарынан біраз адам қаза болып, басқалары жарақат алды. Бірақ халық тарамай, қарсыласты. Сол шабуылдан кейін қолдарына орақ, күрек және ағаш ұстаған халық мешітке қарай ағылды. Гаухаршад мешіті халыққа толды. Діни белсенділер мешіттің мінберіне шығып сөз сөйледі. Сол күні Гаухаршад мешіті бірауыздан қарсыласу ұранын айтты. Үкімет басшыларының бойын қатты қорқыныш биледі.

Резашах бүкіл халық пен ғұламаларды жазалауды бұйырды. Жандармерия басшылары өз күштерін жинап, түн ортасынан кейін шабуылды бастауға келісті. Әскерилер де алдын ала қаланың маңызды жерлері мен Гаухаршад мешітінің айналасында орналасып, пулеметтерді мешіттің төбесіне орналастырды. Сөйтіп, түс кезінде сарбаздар мен әскери қызметкерлер қолдарына қару ұстап, Алланың үйіне кіріп, халықты  қырды. Сол қантөгістің Гаухаршад мешітіне салған зақымы әлі күнге  жазылған жоқ.

  

 

 

Тегтер