Иранның жетістіктері (28)
1908 жылы Иранның Масджеде Солейман қаласынан алғашқы мұнай ұңғымасы табылып, онымен бірге газ да пайда болды.
Алайда Иранда газ өртеліп отырды. Ирандықтар тек 1965 жылы ғана газды пайдалану туралы ойлана бастады. Шираздағы химиялық тыңайтқыш зауытын қуат көзімен қамтамыз ету үшін табиғи газ құбыры Гячсараннан Ширазға тартылды. Автокөлік өндірісі де сол кезде басталды. Алайда көліктер бензинмен жүретін. Көлікке арналған газбен жұмыс істейтін моторлар технологиясы 20 ғасырдың 30 жылдарынан бастап Англия мен Франция және Италияда ғана болған. Иранның климатына байланысты газ қуатын пайдалану бензиннен әлдеқайда арзан. Сонымен қатар, бензиннің қоршаған ортаға тигізетін зияны да көбірек. Батыстықтар 1974 жылы мұнай дағдарысы болып, әлемде мұнай бағасы қымбаттап кеткен соң газбен жұмыс істейтін моторларға көшуді шындап қолға алды. Иран тарихында алғаш рет ирандық автокөліктердің моторын газбен жүргізу жобасы ауқымды түрде 1991 жылы басталып, алғашқы газ құю стансасы 1995 жылы ашылды. Сол кезден бастап Иран өз тарихында бірінші рет газбен жұмыс істейтін моторларды кеңінен пайдалана бастады. Иран 2001 жылы 2 млн 860 мың газбен жүретін автокөлік жасау арқылы осы салада әлем бойынша бірінші орынға ие болды.