Там 31, 2017 14:00 Asia/Almaty

Бұл бағдарламада Германия Парламентінде бір жыныстыларға қатысты заңның бекітілуі, Мадрид қаласындағы бір жыныстылардың шеруі және осы секілді әдептен ауытқыған және табиғатқа, иләһи діндердің нормалары мен тағылымдарына қайшы қадамдардың ресми заңдастырылуы талқыланады.

Маусымның 30 күні Германия Парламенті бір жыныстылардың некесін ресми түрде тану жобасын бекітті. Германия Бундестагының 393 өкілі бұл жобаға оң, 226 өкілі теріс дауыс берді. Парламенттегі басым көпшілікті құрайтын cоциал-демократиялық партиялар, солшылдар мен жасылдар бір жыныстылардың некелерін заңдастыру жобасын Бундестагта бекітті. Хриастиан-демократиялық және христиан-социалистік партиялар өкілдерінің шамамен 70 пайызы да осы жобаға оң дауыс берді. Хриастиан-демократиялық және христиан-социалистік партиялар бір жыныстылардың некесін ресми заңдастыруға қарсы. Германия Канцлері әрі Христиан-демократиялық партияның басшысы Ангела Меркель бір жыныстылардың некесінің заңдастырылуына қарсылардың қатарына жатады. Германия Канцлері Ангела Меркель Парламенттің елде бір жыныстылардың некесіне дауыс бергеннен соң әйел мен ер адам арасындағы некені жақтайтынын білдіріп: «Менің түсінігімде Конституция бойынша үйлену әйел мен ер адам арасындағы байланысты білдіреді»,-деді.

Германиядағы бір жыныстылар некесінің заңдасуы

Осы уақытқа дейін Германияда бір жыныстылардың некесі заңдастырылмаған болатын. Оларға заңды некені тіркеусіз бірге тұруға ғана рұқсат етілген болатын. Осы жоба жүзеге асқан соң бір жыныстылар Германияда да бала асырай алатын болды. Бір жыныстылардың некелері заңдастырылғаннан екі күн өткен соң мыңдаған бір жынысты адамның табиғаты мен рухына қайшы өте өрескел қалыпта Мадридтің көшелерінде шеруге шықты.

Бір жыныстылар мен оларды жақтаушылар осындай ақлақтық ауытқушылықты қалыпты істей жарнамалауға тырысқанымен, Батыс қоғамының басым көпшілігі бұлай ойламайды. Олар бір жыныстылықты адамның табиғаты мен илаһи діндердің ілімдеріне

қайшы деп санайды. Алайда осылай бола тұра, қазіргі таңда Еуропа елдерінің көпшілігінде, өкінішке орай, бір жыныстылардың некесі заңдастырылған.

Әлем жұртшылығы неліктен Батыс елдері саяси, әлеуметтік, мәдени және ақлақтық салалардың барлығында бір жыныстыларды әсіре түрде қолдап отыр деген сұрақ туындайды. Батыстың саяси жүйесі осындай табиғатқа жат қылықтарды демейтін ұйымдарды қолдауда табандылық танытып, әртүрлі сылтаулар мен әдістер арқылы осы жаман құбылысты қалыпты етіп көрсетіп, халыққа қабылдатуға тырысатындай адамдардың бір жынысты болуынан қандай пайда көреді? Егер тек гуманистік көзқарас пен адам құқығы мұндай қатынасты осы дәрежеде қолдауға себеп болса, олар неліктен бұл адамдарға табиғи қалыптан тыс, көмек пен емдеуді қажет ететін адамдар ретінде қарамайды?

Батыстағы бір жыныстылық символдарының таралуы

Батыстағы бір жыныстылар өздерінің ауытқушылықтарын қозғалыс ретінде көрсеткісі келеді. Олар бір жыныстылыққа қарсылықты артта қалушылық пен бір жыныстыларды кемсіту санап, бір жыныстылықты жақтауды озық ойлылықтың белгісі деп көрсетеді. Бір жыныстылардың жарнамалары Батыс қоғамындағы кеңістікке көлеңке түсіргені соншалықты, тіпті католик шіркеуінің өзі Батыс елдерінде бір жынысты некелердің заңдастырылуына қатысты консерваторлық қатынас көрсетті.

Дүние жүзі католиктерінің рухани көсемі папа Франциск үш жыл бұрын христиан діні нормаларына қайшы ой білдіріп, шіркеу есіктерінің бір жыныстыларға да ашылуын талап етті. Дүниежүзі католиктерінің рухани көсемі 16 христиан журналында жарияланған бұрын-соңды болмаған сұхбатында шіркеудің бір жыныстыларға есігін ашуға міндетті екенін айтып: «Шіркеу бұл адамдарды айыптамауы керек. Егер адам бір жынысты бола тұра, Құдайдың разылығы үшін іс істесе, неліктен оған қарсы пікір білдіруім керек?»,-деді.

Дүниежүзі католиктерінің рухани көсемі Батыс қоғамының ең үлкен ауытқушылықтарының бірі бір жыныстылықтың таралуына реакциясында христиандықтың басты принциптерінен ауып, оған 

көмескі түрде рұқсат мөрін басты.

Рим папасы Франциск

Христиан дінінің тағылымдары бойынша бір жыныстылық күнәһарлық саналады. Христиан дініндегі барлық ағымдардың ұстанымы да осындай. Римдегі католик шіркеуінің доктринасында: «Бір жыныстылардың әрекеттері табиғат заңына қайшы. Мұндай амалдарды ешқашан қабылдауға болмайды»,-деп қуатталған. Ортодоксальды шіркеудің көзқарасы ашық та айқын: «Ортодоксальды шіркеу бір жыныстылардың амалдарын бүлдіргі әрі күнәһарлық деп санайтын христиандар тобын қолдайды». Протестант шіркеулердің пікірі Інжіл мен баптистердікіндей толығымен ашық: «Бір жыныстылық Құдайдың адамзатқа деген еркіне кереғар. Бір жыныстылардың әрекеттері – күнә»,-делінген.

Батыстағы Англикан шіркеуі бұл тақырыпқа қатысты белгілі бір мөлшерде ымыраға келгенімен, барлық Англикан шіркеулерінің көзқарасы бұрынғыдай: «Бұл шіркеу біржыныстылықты қасиетті кітапқа қайшы келетін іс ретінде қабылдамайды»,-деді. Мұндай ұстаным бүкіл христиан секталарының қазіргі көзқарасы ғана емес, шіркеудің тарих бойындағы пікірі болды.

Шіркеу папаларының барлығы бір жыныстылықты айыптаған. Григориан күнтізбесі бойынша ІІ ғасырдың аяғы мен ІІІ ғасырдың басында өмір сүрген христистиандардың ірі рухани жетекшісі Тертуллиан: «Бір жыныстылық табиғат заңын барлық күнәлардан артық бұзады»,-деді. Орта ғасырдың қасиетті тұлғаларының бірі Фома Аквинский осы әрекет жайында: «Бұл – нәпсіқұмар айуанның жабайы жауыздығы»,-деген. Протестанттар қозғалысының атақты реформаторлары Лютер, Кальвин, Звингалидің барлығы бір жыныстылықты айыптаған. Сондай-ақ, атақты евангелистер Джон Уэсли, Джордж Витфилд, Муди мен Били Грахам да осы пікірде болды. Шіркеу осы көзқарасты 2000 жыл бойы үздіксіз ұстанып келді.

Пайғамбар адамзат баласын надандықтан азат етіп, оны ақлақтық кемелдіке жеткізу үшін жіберілген. Құдайдың ұлы пайғамбарларының бірі хазірет Исаның илаһи миссиясы да осы болды. Хазірет Иса Бәни Исраилдың қараңғылыққа батқан надан тайпасын теріс жолдан құтқару үшін келді. Пайғамбарлар мен діни үлемдер – ақлақтық қасиеттер мен рухани дүниелерді сақтап, күнәдан алшақ болудың жолдауын жеткізушілер. Адамзат қоғамының іргетасы отбасы негізінде қаланған. Отбасы әйел мен ер адамнан тұрады. Олар кез келген дін негізінде үйленіп, бір-біріне қатысты міндеттемелер алып, бірге өмір сүреді. Ислам тұрғысынан үйлену философиясы мен ақиқаты үш сатыдан тұрады: бір-бірін толықтыру, тыныштану, ұрпақ қалдыру. Бірін-бірі толықтыру мына мағынада: ешбір адам жалғыз өзі толық емес, ол әрдайым өзінің жартысын толықтыруға талпыныс жасайды. Жас жігіт ой-пікір еркіндігі мен тума түйсіктерін қамтамасыз етуге ұмтылады. Ол өзінің сансыз қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, кемшіліктерінің орнын толтыру үшін отбасын құруға бет бұрып, лайықты жар таңдау арқылы өзінің дамуы мен кемелденуіне жағдай жасайды. Осы себептен үйленуді адамның толығуы мен кемелденуі деп айтуға болады. Шындығында, Құдай адамды қарама-қарсы жынысты адамсыз кеміс, қарама-қарсы жыныс иесімен толық болатындай жаратты. Ер адам әйелді, әйел адам ер адамды қажет етеді. Бұл жыныс иелері рухани және физикалық тұрғыдан бір-біріне бағынышты, бірге жүргенде ғана бір-бірін толықтырады. Үйленудің екінші маңызды әсері тыныштану болып табылады. Үйленген соң ең маңызды мұқтаждық қамтамасыз етіліп, тыныштық, жеңілдік пен қауіпсіздік сезіледі. Адам болмысынан бастау алатын бұл мұқтаждықтың маңыздылығы соншалықты, Жаратушы Құран Кәрімнің «Рұм» сүресінің 21-аятында үйлену философиясын баяндап: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»,-деді.

Әйел мен ер адам арасында үйленудің үшінші себебі ұрпақ әкелуде. Үйленудің ең үлкен нәтижесі баланың болуы мен ұрпақтың жалғасуы болып табылады. Бала туып, ұрпақ көбейтуді маңызсыз санамау керек. Өйткені, әлемді жаратудағы мақсат адамның пайда болуы мен оны тәрбиелеу, кемелдендіру болып табылады. Үйлену – ақыл мен табиғат тұрғысынан дұрыс жолды жүріп өту. Екі бір жыныстының үйленуімен

бұл мақсаттардың ешқайсысы орындалмайды, керісінше ол мақсаттарға зиян келеді. Жалпы көзқарас бойынша бір жыныстылық – табиғатқа қарсы әрекет. Ол қаншалықты табиғатқа үйлесімсіз болса, теріс әсері де көбірек болады. Мейірімге толы отбасы маңыздылығының төмендеуі, ақлақтық және әлеуметтік дағдарыс, Батыс қоғамында әлеуметтік және ахлақтық қасиеттердің құнсыздануы бір жыныстылықтың Батыста таралуы мен адамның табиғатына жат жаман қылықтарды қалыпты етіп көрсетудің бүлдіргі салдарлары болып табылады.

Исламда әйел мен ер адамның үйленуі баса айтылған

Тегтер