Ақп 04, 2020 15:07 Asia/Almaty
  • Лариджани Еуроодақтың АҚШ-тың алдындағы әрекетсіздгін сынады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысымен кездесуінде АҚШ-тың уәдесін бұзуы мен Еуроодақтың Вашингтонның алдындағы әрекетсіздігін сынады.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозепп Баррельмен кездесуінде Иранның аймақ мәселелерін шешуге дайын екенін жариялады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысы сардар Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты Иранның Мәжіліс төрағасына көңіл айтып, Еуроодақтың екіжақты және аймақ мәселелерін шешуге ынтымақтастық етуге дайын екенін қуаттады.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қалай сақтап қалу, аймақ мәселелері, лаңкестік және есірткінің таралуымен күресу Жозепп Баррель мен Әли Лариджанидің пікір алмасқан тақырыптарынан болды.

 

Тегтер