Нау 10, 2020 19:50 Asia/Almaty
  • Коронавирус дағдарысы кезінде адамзатқа қарсы санкцияларды жою үшін әлемдік шаралар қолдану қажет

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Парламентаралық одақ пен әртүрлі елдердің Спикерлеріне жолдаған хаттарында халықаралық қауымдастықтан АҚШ-тың Иран халқына қарсы, әсіресе медициналық санкцияларының күшін жылдам жоюға жағдай жасауды сұрады.

Әли Лариджани сейсенбі күні әлемдік Парламентаралық одақ басшысы, Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мәжіліс одағының бас хатшысы, Азия парламенттік мәжілісінің бас хатшысы, исламдық  және азиялық едер мәжіліс төрағаларына жолдаған жеке хаттарында АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына өкініш білдіріп, Вашингтонның бұл әрекеттерін, олардың ішінде медициналық, дәрі-дәрмек пен зертхана құралдарына қарсы санкцияларын коронавирустың таралуының алдын алуға кедергі тудыруда деп тапты. Лариджани: «АҚШ-тың санкция енгізуі БҰҰ Жарғысы мен Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының негіздеріне қайшы және коронавирусқа қарсы ұлттық, аймақтық және халықаралық талпыныстарға теріс әсерін тигізуде»,- деді.  

Тегтер