Маусым 19, 2021 17:07 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі халықтың сайлау  күнгі ерлігіне алғысын білдірді

Ислам революциясы жетекшісі ел халқының 18 маусымдағы сайлауға кеңінен қатысуына алғысын білдірді.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні халықтың 18 маусым сайлауына кеңінен қатысуына арналған жолдауында Иран халқын сайдаудың жеңімпазы атап, күнделікті тұрмыстың қиындықтары, халықтың кейбір наразылықтары немесе аурудың таралуына байланысты қауіп-қатер мен дауыс беру басталған кездегі кейбір қайшылықтардың халықтың ерік-жігеріне әсерін тигізе алмағанына тоқталып: «Ел мен халыққа қызмет көрсетуді қадірдеңдер және илаһи негіздерді ұмытпаңдар. 18 маусымдағы сайлаудағы ерлік халықтың жарқыраған тарихының тағы бір парағы. Елдің түпкір-түпкіріндегі дауыс беру учаскелеріндегі халықтың жиыны ерік-жігер мен үміттің анық белгісі болды. Кешегі сайлауда Иран халқы жеңіске жетті. Ол тағы да жаудың жалдамалы ақпарат құралдарының насихатына және қылмыскерлер мен қаскөйлердің азғыруларына қарсы тұрып,  саяси аренаға кеңнен қатысатынын көрсетті»,- деді

 

Тегтер