Ислам елдерінің артта қалуының есесін қайтаратын жол – қарсыласу
(last modified Mon, 19 Jul 2021 15:13:56 GMT )
Шіл 19, 2021 21:13 Asia/Almaty
  • Ислам елдерінің  артта қалуының есесін қайтаратын жол – қарсыласу

Ислам революциясының жетекшісі қажылыққа қатысты жолдауында ислам елдерінің артта қалуының есесін қайтаратын жолды қарсыласу деп атап: «Бүкіл ислам аймағы – АҚШ пен оның жақтастарының зұлымдығына қарсыласу үшін бас көтеретін майдан»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи әлем мұсылмандарына қажылық күндеріне қатысты жолдауында Құдай үйіне баруға құштар жүректер сағынышының жалғаса түсуін өткінші сынақ деп атап, қажылық жолдауларының солғындамауы қажеттігін айтып, басқыншы алпауыттар, әсіресе АҚШ-қа табанды қарсы тұруды осындай биік жолдаулардың бірі деп атады.

Ол ислам әлеміндегі қиындықтар мен түйткілдерге тоқталып, Палестина, Йемен мен Иракта исламдық ояну орын алып, қарсыласу күштерінің бас көтеруін аймақтағы үміт сыйлар жағдай деп атап: «Алланың шынайы уәдесі бойынша мұджахедтер жеңіске жетеді. Мұджахедтер талпынысының бастапқы әсері АҚШ пен басқа да зорлықшыл елдерді исламдық елдердің ісіне араласып, зұлымдық жасаудан тежеу болды»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі: «Үстемшілдерді алаңдатып, ашуландырған ИИР-ның барлық сөздері қарсыласуға шақыруға бағытталған: АҚШ пен басқа да басқыншы күштердің ішкі іске араласуы мен зұлымдығына қарсы тұрып, исламдық тағылымдарға сүйеніп, ислам дүниесінің болашағын қолға алу»,-деді. Әрине АҚШ пен оның одақтастары «қарсыласу» деген атауға тіксіне қарап, исламдық қарсыласу қозғалысымен жауласуға бел байлады. Аймақтағы кейбір елдердің оларға жақтасуы зұлымдықтың жалғаса түсуіндегі ащы шындық болып отыр.

Хазірет аятолла Хаменеи: «Америкалықтардың Ирак, Сирия, Ливан мен басқа елдерде қайратты жастар мен қарсыласу күштерінің ерік-жігерін мұқалтуға күш салып, оны Иран мен басқа инстанцияға жауып, ержүрек жастарға тіл тигізуі олардың аймақ халықтарын дұрыс түсінбейтінін білдіреді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Осы қате түсінік АҚШ-тың Ауғанстанда масқаралануына себеп болды. Ол 20 жыл бойы Ауғанстанда әскер ұстап, қорғансыз бейбіт халыққа оқ жаудырып, бомбалап, өзін былыққа әбден батырғандықтан, өз әскерилері мен құрал-жабдықтарын елден шығаруға мәжбүр болды. Әрине Ауғанстанның ояу халқы АҚШ-тың елдегі барлау қызметтері мен жұмсақ соғыс қаруларына абай болып, қырағылықпен әрекет етуі керек»,-деп еске салды.

Аятолла Хаменеи: «Аймақ халықтары ояу әрі қырағы екенін көрсетті.  Олардың жолы АҚШ-ты риза қылу үшін тіпті оның Палестинаға қатысты талап-тілегін орындауға көнген кейбір үкіметтердің жолынан бөлек»,-деді.

Тегтер