Қазақстанның Теһрандағы елшісі: Қазақстан қалаларына бейбітшілік оралды
Қазақстанның Ирандағы елшісі: «Бұл елдің қалаларында бейбітшілік орнады және бітімгершілік күштер 10 күннен кейін Қазақстаннан шығуы керек», - деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Асхат Оразбай сәрсенбі күні журналистерге Қазақстандағы соңғы оқиғалар туралы: «Өкінішке орай, экстремистік лаңкестік және қылмыстық топтар елдің кейбір қалаларындағы тәртіпсіздіктерді пайдаланып, бұл оқиғаларды алдын ала біле отырып, аз уақыттың ішінде әртүрлі қалалар мен облыстарда әрекеттерін бастады»,- деп мәлімдеді. Оразбай қауіпсіздік күштері өз жұмысын дұрыс атқармағанын, Қазақстан қауіпсіздік комитеті төрағасының қамауға алынғанына тоқталып: «Бұл оқиғалар қазақстандық қауіпсіздік күштерінің лаңкестермен күресу үшін қажетті шараларды қабылдап қана қоймай, олармен ынтымақтастық еткені көрінеді және олардың бұл оқиғалардағы рөлі де зерттеліп жатыр. Жақында болған тәртіпсіздіктерді Қазақстаннан тыс жерде жаттықтырылған лаңкестік күштер жүргізді және олардың көпшілігі экстремистік бандаларға белсене араласуда»,- деді. Қазақстанның Ирандағы елшісі елдегі бітімгершілік күштері туралы: «Қазір бұл топтарда алты елден: Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстаннан 2 мыңға жуық адам бар. Бұл күштер Қазақстаннан 10 күннен кейін кетуі керек, өйткені қауіп-қатер кетіп, қауіпсіздік орнатылды»,- деп айтты.