Там 22, 2017 14:44 Asia/Almaty
  • Мысыр Қазақстандағы Сирияға қатысты келіссөздерге қосылады

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Мысыр үкіметінің Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөздерге қатысуға шешім қабылдағанын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбі күні Мәскеуде мысырлық әріптесі Самех Шукримен өткізген ортақ брифингінде: «Каир Қазақстандағы келіссөздер үдерісі бойынша Сирия мәселелерін саяси жолмен шешуге ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдады. Мысыр мен Мәскеу сириялық наразыларды Каир мен Мәскеу топтарына қосылып, Сирия үкіметімен келіссөздер өткізуге жігерлендірмек»,- деді.

 

Тегтер