Там 23, 2017 13:51 Asia/Almaty
  • Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңі Астанада өтеді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңінің биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетінін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Сыртқы Істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистерге берген сұхбатында Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңінің қыркүйекте Астанада өтетінін хабарлап: "Мәскеуден келіп түскен мәліметтер бойынша, Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіруші елдер – Ресей, Иран мен Түркия тамыз айының соңына дейін аймақтық мамандар деңгейінде Сирия бейбіт келіссөздері отырысының күн тәртібі мен нақты уақытын анықтайтын жиналыс өткізуді көздеп отыр.

Алғашқы жоспар бойынша келіссөздер ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтеді",-деді.

Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңін тамыз айының соңында өткізу жоспарланған болатын.

Бұл кездесу жайлы алғышарттар Сирия бейбітшілігін кепілдендіруші елдердің Теһранда өткен келіссөздері аясында әзірленді.

 

 

 

Тегтер