Қаз 24, 2018 09:28 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари Ресей мен Түркияның жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, пікір алмасу үшін Мәскеуге сапармен барды.

Хосейн Джабери Ансари сейсенбі күні Мәскеуге келген сәтте өзінің Мәскеуге жасаған сапарының мақсатын мәлімдеп, Сириядағы бейбітшілік үдерісіне кепіл елдер Ресей және Түркияның жауапты тұлғаларымен сұхбаттасатынын айтты.

Мұның алдында Иран, Ресей және Түркия СІМ-лері "Астана" үдерісі мен "Теһран" отырысының жалғасында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Сирия дағдарысын шешу жолдары жайлы сөйлескен. 

Сирия дағдарысы 2011 жылдан бері Сауд Арабиясы, АҚШ пен одақтастары, соның ішінде Түркияның қамқорлығындағы лаңкестік топтардың Сирия президенті Башар Асадтың заңды үкіметін биліктен құлату мақсатындағы ауқымды басқыншылығымен басталды.

 

Тегтер