Классикалық музыка әлеміндегі бірегей оқиға: Ирандық дирижердің Ресейдегі концерті жалғасады
Ирандық дирижердің Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен концертін ресейлік көрермен жақсы қабылдағаны сонша, одан Венаға ұшатын рейсін тоқтатып, басқа бағдарлама жүргізуді ресми түрде сұрады.
Жұма күні (8 шілде) ирандық оркестр дирижері Әли Рахбари әйгілі ресейлік дирижер Валерий Гергиевтің шақыруымен Санкт-Петербургтегі Мариинский опера театрында сахнаға шықты. Бұл концертте ол орыстың ең атақты композиторлары Римски-Корсаковтың «Шехеразада» сюитасы мен Шостаковичтің №5 симфониясына дирижерлік етті. Ресейдің ұлттық телеарнасы көрсеткен бұл концерт ресейлік көрермендерге, әйгілі ресейлік дирижер Валерий Гергиевке және оркестрге ұнағаны соншалық, дирижерден ресми түрде Венаға рейсін тоқтатып, 14 шілде қайта өнер көрсетіп, басқа бағдарламаны жүргізу өтініш жасалды. Оркестр басышлары Әли Рахбаридің тағы бір концерт өткізу үшін бұрынғы жоспарларын, соның ішінде концерттерін тоқтатты немесе өзгертті.