Қаз 31, 2022 16:58 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Кавказ қайшылығын шешу жолы – 3+3 отырысын өткізу және аймақтық механизмдерді пайдалану

Иран Сыртқы істер министрі әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып: "Иран Кавказ қайшылығын шешу үшін 3+3 отырысын өткізіп, аймақтық механизмдерді қолдану керек деп санайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сұхбатында Иран мен Әзірбайжанның жақсы қарым-қатынаса тоқталып, аймақ елдері, соның ішінде Әзірбайжан республикасының аумақтық тұтастығын сақтау керегін баса айтып: "Иран Кавказ қайшылығын дұрыс шешу үшін 3+3 отырысын өткізіп, аймақтық механизмдерді қолдану керек деп санайды. Теһран Әзірбайжан мен Армения арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған талпыныстарын жалғастыра береді",-деді.  

Джейхун Байрамов аймақта бөгде күштердің орналасуына қарсылық білдіріп, аймақтық әріптестікті жалғастыру, соның ішінде аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнауына көмектесу үшін 3+3 отырысын өткізуді қолдайтынын айтты.

Тегтер