Пашинян: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қарабақта гуманитарлық дағдарыстың барын растады
Там 18, 2023 20:27 Asia/Almaty
Армения Премьер-министрі: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Таулы Қарабақ аймағында гуманитарлық дағдарыс барын, осы аймақта тұратын 120 мың адамның қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын растады",-деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 16 тамызда Арменияның өтінішімен Таулы Қарабақтағы жағдай туралы төтенше жиналыс өткізді.
Пашинян: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, әлемдегі ең жоғары халықаралық ұйым Әзірбайжан республикасының Лачин дәлізін жауып отырғанын растады",-деді.