Иран Қорғаныс министрі АҚШ үкіметінің мұнай ұрлағанына реакция білдірді
Қыр 16, 2023 16:39 Asia/Almaty
Иран Қорғаныс министрі АҚШ үкіметінің ирандық танкерді ұрлап, мұнайын құйып алғанына реакция білдіріп: "АҚШ үкіметінің бұл әрекеті – ұрлық. Мұны мүлде қабылдауға болмайды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Мұхаммедреза Қараи Аштиани америкалықтардан мұндай істерден бас тартып, өздерін бұдан ары әуре-сарсаңға салмайды деп күтетінін айтып: "Иран Парсы шығанағында америкалық кемелердің қатынасының алдын алу үшін маңызды стратегиялық орынға ие",-деді.
Иран Қорғаныс министрі: "Қуат көздерін тасымалдау жолдары Парсы шығанағы аймағынан өтеді. Иран бұл жолдарды басқарады. Сондықтан Иран АҚШ-тың танкерлерін тоқтату мүмкіндігіне ие",-деді.