Сәу 08, 2017 20:33 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 32

Ислам шын мәнінде бейбітшілік пен тату өмір сүру негіздеріне сүйеніп, адамзат қоғамының дағдарыстарын тоқтату үшін бейбітшілік талап ету адамдардың болмысынан шығып, олардың Ұлы Аллаға иман келтіруінен тамырлануы керек деп санайды. Алайда, әлемде үстемшіл мемлекеттер билік етіп отырған жағдайда адамзат бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тәтті дәмін татпайды.

Адамзат қоғамының ең маңызды қажеттілігі – бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік. Бұл қажеттілік осы күні басқа уақыттардан көбірек сезіледі. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау мәселесі маңыздылығына байланысты БҰҰ Жарғысының бірінші бабында баяндалып, қайшылықтарды бейбіт жолдармен шешу қарастырылған. Бірақ зорлық-зомбылыққа жүгінуші мемлекеттер БҰҰ-ның Жарғысына назар аудармай, адамзат қоғамының ең негізгі қажеттіліктерін таптап, күн сайын әртүрлі сылтауларымен әлсіз мемлекеттерге шабуыл жасап, жазықсыз халықтарды өлтіріп жатыр. Олар халықтарды әлсіретіп, мемлекеттерінің инфрақұрылымдарын қиратуда. Бүгінде Таяу Шығыс аймағында орын алып жатқан ащы оқиғалар дәл осы мәселені растап, БҰҰ Жарғысының  іске асырылмайтынын көрсетеді. Ислам шын мәнінде бейбітшілік пен тату өмір сүру негіздеріне сүйеніп, адамзат қоғамының дағдарыстарын тоқтату үшін бейбітшілік талап ету адамдардың болмысынан шығып, олардың Ұлы Аллаға иман келтіруінен тамырлануы керек деп санайды. Алайда, әлемде үстемшіл мемлекеттер билік етіп отырған жағдайда адамзат бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тәтті дәмін татпайды. Нақтырақ айтқанда, егер адамзат қоғамы илаһи билікті қабылдап, заң шығаруды тек Алланың құқығы деп санаса, залым мемлекеттердің билікқұмарлығы үшін сылтау қалдырмайды. Нәтижесінде, адамзат қоғамы бейбітшілік пен достықтың куәсі болады. Өйткені, әлем Жаратушысын мейірімділік пен рақымдылықтың көрінісі деп иман келтіргендер адамдарға махаббат білдіріп, оларға тыныштық пен қауіпсіздік тілейді. Сол кезде жиіркеніш, соғыс және қантөгістің орнына бейбітшілік пен достық орнатылады.

Ислам - бейбітшілік діні

Исламның ұлық пайғамбарының жолы – осы шындықтың үлгісі. Илаһи пайғамбарлар дәлелдері және ағартушылық жұмыстарымен Аллаға иман келтірген, кемелдікке жеткісі келетін және дұрыс жолға нұсқалған, достық пен бейбітшілік талап ететін қоғам құруға талпыныс жасады. Ұлы Алла  Исламның ұлық пайғамбарына: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес»,- деген. («Нахыл» сүресі, 125-ші аят). Осыған орай Ислам діні наным-сенімді күшпен қабылдатуға қарсы әрі шындық пен жалғандықты анықтап, дұрыс жолды көрсетіп, адамдардан хабардар түрде таңдауды талап етеді. Сондықтан Жаратушы пайғамбарға: «Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ серік қатушылардан емеспін» де»,- деп  айтты. («Жүсіп» сүресі, 108-ші аят). Пайғамбардың жүрегіне бірінші аяттар түсірілген кезде Жаратушы білім мен даналық туралы айтып, елшісіне: «Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен»,- деп бұйырды. Бұл шындықтың айқын белгілерінің бірі «Ходайбие» бейбітшілік оқиғасы саналады. Хиджраттың алтыншы жылының зиқаеде айы. Бұл жыл өзінің әртүрлі жағымды және жағымсыз оқиғаларымен аяқталып келе жатты. Пайғамбар түсінде мұсылмандардың әл-Харам мешітінде кіші қажылық – Умраның ғамалдарын орындап жатқанын көреді. Алла елшісі өз түсін сахабаларына айтып, мұсылмандар жақын арада өздерінің мақсаттарына жетеді деп болжады. Көп ұзамай, Алла елшісі мұсылмандар мен Мединаның айналасындағы тайпаларды Умра ғамалдарын орындау үшін өзімен бірге Меккеге қарай жолға шығуға шақырды. Пайғамбар: «Біз тек Алланың үйіне зиярат жасауға барамыз»,- деп, мұсылмандарға харам айлардың құрметіне семсерден басқа әскери қару алмауды бұйырды. Пайғамбардың бұл бейбіт әрекеті көптеген адамның исламға бет бұруына себеп болды. Пайғамбар жолға шығуды бұйырып, Зи әл-Халифе мекенінде шамамен 1400-1800 адаммен ихрам жамылып, 70 түйені құрбандыққа дайындап, өз сапарының мақсатын анықтады. Аллаға «Құрайыштар сендердің жолға шыққандарыңнан хабардар болып, өз күштерін жинап, Лот пен Уззиге ант беріп, сендерді  кіргізбеу туралы ойлануда»,- деген хабар жеткізілді. Алла елшісі бұл хабарды естіген соң: «Алламен ант етемін, тек бір Аллаға құлшылық ететін діннің жақтастары туралы үгіт-насихаттарымды ислам діні жеңгенше жалғастырамын»,- деген. Мұсылмандардың керуені Меккеге жақын жерде орналасқан Ходайбие мекеніне тоқтады. Алла елшісі өз сахабаларына: «Егер құрайыштықтар жақын қарым-қатынастарды нығайтуға себеп болатын нәрсені сұраса, береміз»,- деді.

Ислам - бейбітшілік діні

Құрайыштың үлкендері пайғамбардың Меккеге келуінің мақсатына сенімді болу үшін хазіретке өздерінің өкілдерін жіберді. Пайғамбар оларға: «Біз Меккеге соғысу үшін келген жоқпыз. Біз бұл жерге Алланың үйіне зиярат жасап, кіші қажылықтың ғамалдарын орындау үшін келдік»,- деді. Құрайыштың өкілдері пайғамбардың бұл сөздерін естіп, мұсылмандардың ихрам жамылғанын және олардың қарусыз екендіктерін көріп, қайтып оралып: «Не үшін олардың зияратына кедергі жасаймыз?»- деді. Бірақ құрайыш тайпасының басшылары: «Құдаймен ант етеміз, Алланың үйіне зиярат етуге келсе де, біз оған Меккеге кіруге рұқсат етпейміз»,- деп өз айтқандарынан қайтпады. Құрайыштардың басқа өкілі пайғамбармен кездесіп, сөйлескеннен кейін хазіреттің мейірімділігіне таңданып: «Мен Иран патшасы, Рим императоры және Эфиопия сұлтандарының сарайларында болдым. Бірақ, Мұхаммадтың жақтастарының оған көрсеткен құрметіндей құрметті сарайлардың ешқайсынан көрмедім. Мен пайғамбардың серіктерінің оның вузу алып тұрған суының тіпті бір тамшысын  жерге түсірмей, тәбәрік етіп, бастары мен беттерін сипайтындықтарын байқадым. Сондықтан, сендер ойланбай әрекет етпеңдер»,- деді. Құрайыш өкілдерінің пайғамбармен кездесуіне қарамастан, Меккенің ақсүйектері мен басшылары пайғамбар мен хазіреттің сахабаларымен келісуді қаламады. Олар атқа мінген 50 адамына пайғамбар тоқтаған мекеннің айналасына тыңшылық жасауды және мүмкіндік болса мүліктерін талан-таражға салуды бұйырды. Бірақ, олар өз міндеттерін орындай алмай, мұсылмандар оларды қамауға алды. Пайғамбар соғыс болмасын деп, қамауға түскендерді босатуды бұйырды. Хазірет бұл шешімімен оның Меккеде қалуының мақсаты бейбітшілік және ешқашан соғысу туралы ойламағанын дәлелдеді.

Ислам - бейбітшілік пен достық

Исламның ұлық пайғамбарының сындарлы қарым-қатынастарына қарамастан, құрайыш басшылары Алла елшісі мен мұсылмандарды Меккеге кіргізбеуге шешім қабылдады. Олар өздерінің өкілі Сухейл бен Амруды пайғамбарға жіберді. Құрайыш басшыларының мақсаты пайғамбарды бұл жылы кіші қажылықты орындау үшін Меккеге келмеуге, бұл ғамалды келесі жылы орындауға көндіру болды. Сухейл бен Амру пайғамбармен сөйлескеннен кейін бейбітшілік хаты реттеліп, екі жақ қол қоятын болды. Тарихшылардың жазуынша, пайғамбар хазірет Әли (ғ.с.)-ды шақырып, одан келісімхаттың мәтінін жазуды талап еткен. Исламның ұлық пайғамбары былай деп жазуды сұрады: «Бисмилляхи Рахмани Рахим». Сол кезде Сухейл: «Мен бұл сөйлемді білмеймін. «Рахман» мен «Рахимді» танымаймын»,- дейді. Хазірет: «Алланың атымен» деп жаз» дейді. Содан соң пайғамбар хазірет Әли (ғ.с.)-ға: «Бұл – Алланың елшісі мен Сухейл бен Амрудың арасындағы келісім»,- деді. Сухейл: «Біз сенің ресалатың мен набаватыңды ресми қабылдамаймыз. Егер, қабылдаған болғанда, еш уақытта саған қарсы соғысқа шықпайтын едік»,- дейді. Пайғамбар қабылдап, саусағын «Алла елшісі» деген сөздің үстіне қойып, оны жыртып тастайды. Хаттың мәтіні реттеліп, оның екінші бабында: «Егер өз башысының рұқсатынсыз құрайыштардың  біреуі Меккеден қашып, исламға бет бұратын болса, мұсылмандар оны құрайыштарға қайтаруға міндетті. Бірақ, егер мұсылмандардың біреуі құрайыштарға қарай қашса, құрайыштар оны мұсылмандарға қайтаруға міндетті емес» деп жазылды. Бұл хат пен пайғамбардың ұстанымы Ислам дінінің бейбітшілік талап ететін дін екенін көрсетті. Бұл құжат қазіргі таяушығыстанушылар мен дұшпанның баспасөз құралдарының Исламды семсердің күшімен таралған наным-сенім деп көрсетуін теріске шығарады.

 

 

 

Тегтер