Маусым 04, 2017 15:14 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 10

Исламның ұлық пайғамбары: «Дұғалары орындалсын дейтін адамдар өз тамағын адал еңбек арқылы табуы керек»,- деген. Сондықтан дұғасының қабыл болғанын тілейтін адамға: «Күнделікті тұрмысыңды адал ұстап, харам тамақ жеме»,- деп жауап берген.

Қасиетті рамазан айында ораза тұту адамның жанындағы шаһуаттар мен жаман нәпсілерді нұр мен жарыққа айналдырады. Оразаның нәтижесіндегі тыныштық пен пәктіктің аясында ораза тұтушылар шөл мен аштыққа төзімділік білдірумен қатар көз, құлақ, тіл және басқа да ағзаларын Алланың харам еткендерінен қорғайды. Тіпті, ойларын да күнәдан алыстатады. Бұл – оразаның қасиеттерінің бірі. Имам Әли (ғ.с.): «Жүректі күнә ойлардан алыстататын ораза – ішіп-жеуден тартынатын оразадан артық»,- деп айтқан болатын. Алайда, бұл ішіп-жеуден тартынатын оразадан алыстау деген мағынаны білдірмейді. Сонымен бірге тек мұнымен қанағаттануға болмайды. Біз оразаның рухани нәтижелеріне жетуге талпынайық.

 Бүгінгі күн Исламның ұлық пайғамбарының өмірлік серігі, адал көмекшісі хазірет Хадиджаның дүниеден озған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

 Бұл қадірлі бану әрқашан, әсіресе пайғамбар өз міндетін бастаған өте ауыр сәттерде хазіреттің қасында болды. Хазірет Хадиджа бай әйел болды. Ол жұбайымен бірге әртүрлі азап-қорлықтардан өтіп, өзінің бар байлығын исламның жолында жұмсады. Ол жағымды мінез-құлқы, ақылы, даналығы  және пәктігімен танымал болып, сол надандық кездің өзінде «Тахире» «пәк» деп танымал болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға тұрмысқа шыққаннан кейін  хазірет Хадиджаның үйі Қағба сынды  кедей халықтың үмітінің үйіне айналды. Бұл үйді пана тұтып келген кез келген мұқтаж адамның мәселесі мейірім негізінде шешілетін. Хазірет Хадиджаның мүлкінің көбі мұсылмандар Абиталеп аңғарында қоршауда қалған кезеңде жұмсалды. Ол өзінің жанкештілігімен пайғамбар мен  хазіретті қорғаған Бани Хашимді қолдап, қолында барын сол жолда жұмсады. Исламның ұлық пайғамбары: «Алламен ант етемін, еш уақытта одан артық адам болған жоқ. Хадиджа маған бет бұрған кезде басқалар маған күпірлік білдірді. Ол мені қолдаған кезде басқалар қабылдамады. Ол мүлкімен көмектескен кезде басқалар маққрым етті. Алла Тағала басқа әйелдерім тумаған баланы Хадиджа арқылы нәсіп етті», - деген болатын.

   *************************************************

«Мәиде» сүресінің 54-ші аяты:

یا اَیُّهَا الَّذینَ آمَنُوا مَنْ یَرْتَدَّ مِنْکُمْ عَنْ دینِهِ فَسَوْفَ یَاْتِی اللهُ بِقَوْمٍ یُحِبُّهُمْ وَ یُحِبُّونَهُ اَذِلَّهٍ عَلَى الْمُوْمِنینَ اَعِزَّهٍ عَلَى الْکافِرینَ یُجاهِدُونَ فی سَبیلِ اللهِ وَ لا یَخافُونَ لَوْمَهَ لَآیِمٍ ذالِکَ فَضْلُ اللهِ یُوْتیهِ مَنْ یَشاءُ وَ اللهُ واسِعٌ عَلیمٌ

 «Әй, мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла Тағала жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге жұмсақ, кәпірлерге қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы – Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші».

Бұл аятта Алланың қара ниетті адамдарды қажет етпейтіні туралы айтылады. Басында мұсылман болып, кейін бірте-бірте материалдық мүдделері үшін Алла мен оның елшісіне қарсылық білідіргендер немесе дұшпанмен дос болғандар жүректері қараятын  жолға түсті. Сондықтан, Алла Тағала аяттың басында бір жалпы заң ретінде: «Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса», Алла мен мұсылмандар қоғамына зиян келтірмейді, өйткені, «Алла Тағала жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді» деп ескерткен болатын.

Әрине, бұл адамдар арнайы еркшеліктерге ие. Олар «мүміндерге жұмсақ, кәпірлерге қатал», сондай-ақ Алланың жолындағы жиһад олардың тұрақты бағдарламасына кіріп, «Алла жолында соғысады». Келесі ерекшеліктеріне Алланың бұйрығын орындап, шындықты қорғау жолында еш нәрседен қорықпайтындығы жатады: «...Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды». Қоғамдағы кейбір адамдар арнайы ерекшеліктерге ие болғанымен, олар ортаның, қоғамдық пікір мен көпшіліктін қысымына қарсы тұра алмайды. Бірақ, бұл аятта айтылған шынайы мүміндер  физикалық күш-қуатымен бірге тура жолдан бұрмаланған көпшіліктің қате әдеп-ғұрыптары мен қарсылықтарына қарсы тұратын жігерге ие. Аяттың соңында «Осы – Алланың қалағанына беретін ілтипаты» деп айтылған, яғни дана Алла өз нығметтерін кімге беру керек екенін өзі біледі.

نفاق

Ходже Абдолла Ансари бұл аят туралы: «Бұл аятта мүмін үшін Алланың Ислам дінінің қорғаушысы екені туралы хабар жеткізілген. Яғни, біреулер діннен шықса Алла олардың орнына оны жақсы көретін және ол да оларды жақсы көретін қауымды әкеледі»,- деген болатын.

         **************************************

 

Егер тамақ ғылыми негіздер және адамның денесінің барлық қажеттіліктеріне көңіл бөліп, дайындалған болса, адамның денсаулығына себеп болады. Егер, өзгеше болса, адамның организміндегі қайшылықтарға себеп болып, адамның физикалық және психикалық жүйелеріне нұқсан келтіреді. Тамақтың халал және харам болуына назар аудару дәл осы негіздерге көңіл бөлу саналады. Жақсы әрі энергетикалық теңгерімді сақтайтын азық-түлік бағдарламасы адамның психикасына оң әсерін тигізеді. Сондықтан, Құран баршаны халал әрі пайдалы тамақ жеуге жігерлендіріп, кейбір тамақтарды өздері үшін харам ететін адамдарды айыптап: «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім харам етті» де»,- деп айтқан болатын. («Ағраф» сүресі, 32-ші аят).

Харам тамақ

Пәк ырзықтар адамның болмысын тазартады. Исламның ұлық пайғамбары: «Дұғалары орындалсын дейтін адамдар өз тамағын адал еңбек арқылы табуы керек»,- деген. Сондықтан дұғасының қабыл болғанын тілейтін адамға: «Күнделікті тұрмысыңды адал ұстап, харам тамақ жеме»,- деп жауап берген.

Бүгін адамдардың көбі салмағының артуының алдын алу үшін қате бағдарламамен денені қажет азық-түлікпен қамтамасыз етпейді. Адамдардың бұл тобы рамазан айын сол мақсатқа жететін ең жақсы мұрсат деп санайды. Дәрігерлердің көзқарасы бойынша олар дене жасушаларын дұрыс қамтамасыз етпей, өздерін кейбір тамақтан мақұрым етіп, әрқашан науқас болады.

 

Тегтер