Маусым 10, 2017 18:51 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 15

Қасиетті Рамазан айының 15-ші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!

Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.) әкесі хазірет Әли (ғ.с.) мен анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның қасында, мейірім мен қайырымдылыққа толы пәк ортада өсті. Атасы Исламның ұлық пайғамбары немересін илаһи тағылымдармен таныстыруға талпынып, имамның пәк болмысы қалыптасты. Имам Хасан (ғ.с.) бала кезінен көркем сөйлеуімен танымал болып, өлеңдерді жатқа айтатын. Умид бен Исхақ оның шешендігі туралы: «Сөйлеген кезде сөзін аяқтамаса екен деп армандаған жалғыз адамым – Хасан. Мен одан басқа ешбір адамның сөзіне осыншама елтімедім, еш уақытта одан қатты сөз естімедім»,- деп айтқан болатын.

Имам Хасан (ғ.с.) Құранды әдемі оқитын. Ол Алланың сөзі сөздері мен амалдарының бастауы болған, әкесі бірінші Құранды жинақтап, жанұясы соған сай ғамал еткен ортада тәрбиеленді. Ол түннің ортасында анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның мистикалық ғибадаттарын тамашалап, әкесінен батылдық пен шындықты қорғау сабағын алды. Бұл сабақтар имам Хасан (ғ.с.)-ды әкесі шәһид болғаннан кейінгі имаматы кезіне дайындады. Имам Хасан (ғ.с.)-ның өмірінің ең ауыр кезеңі Муавиемен бейбітшілік келісіміне отырғаннан кейінгі кезең болды. Ол сол жылдардың қиындықтарын теңдессіз сабыр сақтаумен өткізді.

Сабырдан кейінгі адамның ең маңызды ерекшелігі басқаларға кешірімді әрі қайырымды болуы саналады. Хазірет әртүрлі сылтаулармен қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарды мұқтажсыз етті. Имам Хасан (ғ.с.) ешбір тәкаппарлық білдірмей, кедейлермен бірге жерге жайылған дастархан басына отыратын. Ол әрқашан басқаларды өзінен маңызды санап, халыққа құрмет көрсетіп, қарапайым түрде қарым-қатынас жасайтын. Имам Хасан (ғ.с.) қасиетті Рамазан айы және бұл айдың рухани кеңістігін пайдалану туралы: «Алла Тағала қасиетті Рамазан айын пенделері үшін сайыс майданы ретінде қалыптастырды. Бұл айда кейбір адамдар Алланың ризалығы мен бақыттарына жету үшін ғибадат жасап, бір-бірінен алға шығуға талпынады. Ал басқа топ немқұрайдылық білдіріп, зиян шегеді»,- деген болатын.

Имам Хасан Мұджатаба (ғ.с.) бұл хадисінде қасиетті Рамазан айын сайыс майданына теңеп, бізге бұл айдың күндері мен түндерін илаһи рақым мен кешірімге ие болуымыз үшін пайдалануды насихаттады.

               **********************************

 

 «Юсуф» сүресінің 108-ші аяты:

" قُل هٰذِهِ سَبیلی أَدعو إِلَى اللَّهِ ۚ عَلىٰ بَصیرَةٍ أَنا وَمَنِ اتَّبَعَنی ۖ وَسُبحانَ اللَّهِ وَما أَنا مِنَ المُشرِکینَ."

«(Мұхаммад с.ғ.с.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ серік қатушылардан емеспін” де».

Алла Тағала «Юсуф» сүресінің 107-ші аятында мүшіріктерді тұтқиылдан келетін азаппен  қорқытады. Бірақ, 108-ші аятында күпірліктен тартынып, тура жолға түсу үшін мүшіріктерге дұрыс жолды көрсетеді. Бұл аятта Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарына Исламды мүшіріктерге ұсынуды талап етіп: «Менің жолым – осы»,- деп айтып: «Қырағылықпен  мені жақтайтын әрбір адамды Аллаға қарай шақырамын. Алланың жолы – біреу. Барлық уақыттың пайғамбарлары халықты Оған қарай шақыратын жолдың өзі. Исламның ұлық пайғамбарының беғсатымен Алланың жолы Исламды қолдау жолы болды. Басқа діндер өз заңдылығынан айырылды. Сондықтан Исламнан хабардар болып, әрі оған дәлел аяқталған соң христиан мен иудей діндерін ұстанса, Алла оны қабылдамайды де»деді.

Аталмыш аяттың келесі мәселесі Алланың жолы саналатын жолға қырағылық пен хабардар болу арқылы шақыру болып табылады. Өйткені, мүшіріктер ырымшылдық  немесе материалдық мүдделеріне жету мақсатында аталмыш жолға түседі. Бұл аятта Исламға пайғамбар және хазіреттің жақтастары арқылы шақырылатындығы, яғни пайғамбардың халықты Исламға шақыру міндеті болғаны сынды мұсылмандардың да басқаларды Исламға шақыру міндетіне ие екендігі айтылған. Сондықтан мұсылман өзі Ислам жолына түсуімен бірге басқаларды да дұрыс жолға нұсқауы керек. Құранның айқын көзқарасы бойынша, адамның дамуының ең маңызды кедергісі дұрыс әрі илаһи тәлім-тәрбиенің жоқтығы және оның құтқарылып, бақытқа жетуінің жалғыз жолы – осы аятта ескерілген қырағы адамдардың діни тәлім-тәрбиесі. Қырағылыққа сүйенген шақыру Исламның басында Алла елшісі арқылы жасалып, жоғары толқынына жетті.

Қырағылық

Ходже Абдолла: «Қырағылық сені таңырқаудан шығарып, дұрыс жол арқылы басқарып, пенделердің немқұрайдылығын азайтып, олардың көзін шындыққа қарай ашып, Аллаға қарай жол нұсқайды»,- деді.

     *******************************************

 

Қасиетті Рамазан айындағы мұсылмандардың ең әдемі сүннеттерінің бірі ауызашар беріп, басқа адамдармен тамағымен бөлісу болып табылады. Бұл амалдың жағымдылығы сондай, исламның ұлық пайғамбары: «Ауызашар кезінде садақа беріңдер. Ораза тұтушыларды тіпті құрма мен суға болса да, ауызашарға шақырыңдар»,- деген.

Ауызашар беру – мұстахаб. Оның сыйы бір мүмінді босатуға теңеліп, күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Бұл мәселе қатты қуатталып, исламдық рауаяттарда жалғыз тамақтану айыпталып, мүмкіндігінше адамның басқалармен тамағымен бөлісуі насихатталған. Алла елшісі: «Үмбетім бір бірімен дос болып, аманатқа қиянат жасамай, харамнан алыстап, қонақты күтіп, намаз оқып, зекетін өтегенше жақсы өмір сүреді»,- деп айтқан.

Рамазан айындағы ауызашар

Қонақ күтудің әртүрлі әдеп-ғұрыптары бар. Сондықтан соларды сақтау қажет. Бірінші қадам – меймандарды құрметпен күту. Қонақ күтуші қонағы жақсы көретін нәрселерді дайындайды. Тамақ жеген кезде өзінің алдынан жеп, басқалардың алдына қолын созбайды. Басқалардың тамағына қарамау, дастарханның басында басқалардың құқықтарын сақтау, тамақ жеуді үй иесі немесе дастархан басындағы  ең құрметті адамның бастауы қонақ күтудің келесі әдептері саналады.

Рауаяттардың бірінде Пайғамбардың қонағы тамақтануды аяқтамағанша, тамақтануын жалғастыратындығы айтылған. Бұл істің себебі қонақты жалғыз жеп отырмын деп ұялтпау. Егер қонақ күтуші қонағынан бұрын тамақ ішіп болса, қонақ тамақ жеуге қысылып, ол басқалар жемей отырғанда өзінің жеп отырғанына ұялып, дұрыс тамақтанбай, дастарханнан тұрып кетуге мәжбүр болады. Маңызды мәселе – қонақ күтушінің өзін қинамай, асты үйінде бар азықпен дайындаса, қонақтар үшін де қонақ болудың жеңіл болатындығында.

 

 

 

Тегтер