Қаз 08, 2019 20:10 Asia/Almaty

"Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі" ұлттық өндірістің маңызы, оның елдің экономикасы мен дамуындағы рөлі, имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің экономика мен өндіріс жөніндегі ой-пікірлері, Иран экономикасының әртүрлі бөлімдерімен таныстыру, Иран өндірісі мен өнеркәсібінің басымдылықтары мен әлеуеті тақырыптарына байланысты бағдарлама.

Өткен 20 жыл бойы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи әр жылға атау беріп, елдің саяси, мәдени және экономикалық жағдайына қарай біржылдық стратегиясын жариялап келеді. Бұл істің мақсаты халық пен басшыларды ортақ құндылық немесе елдің қиындығына назар аударту болды. Соңғы жылдары Ислам революциясы жетекшісінің қуаттаулары мен стратегиялары экономикалық мәселелерге, атап айтқанда экономика, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және өндірісті дамытуға қатысты болды. Хазірет өз стратегияларын экономикамен байланыстыруының мақсатын елдің экономикалық дамуын жалғастыру және санкциялардың зардаптарының салдарларын төмендету деп атап, елдің экономикалық жағдайы мен экономикалық жүйесі дұшпанның әртүрлі қастандықтарына қарсы тұрып, азырақ зиян көретіндей болуы керек деп мәлімдеді.

 

Ағымдағы жыл ИИР-да «Өндірісті дамыту» жылы деп аталды. Өндіріс экономикалық фактордың бірі ретінде ел дамуының өзегі және жұмыс орындарын ашу мен тұрмыстың жақсаруы және алға ілгерілеуге себеп бола алады. Заманауи әлемде экономикалық күш-құдыретке ие мемлекет өзінің саяси тәуелсіздігін сақтау саласында да табыстырақ  болады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, бөгделер мен дұшпандардан алыстауға көмектесе алады.

 

Өндірісті дамыту әртүрлі, атап айтқанда өнеркәсіп, ауылшарушылығы, технология мен басқа салалардағы өндірісті іске қосу. Елдің өндірісі ұлттық өндіріс пен дамудың көрсеткіші және ілгерілеудің негізгі өлшемі болып табылады. Егер қандай да бір жолмен қоғамда тауарлар өндірісі немесе қызметтер деңгейі өссе, онда бұл ел мен қоғамда экономикалық даму жүзеге асты деп айтуға болады. Негізінде әр қоғамның экономикалық дамуы өндірісіне байланысты. Экономикалық даму қоғамға басқа адами бөлімдерді дамытуға мүмкіндік тудырады. Экономикалық дамуға ие қоғам басты қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселесін шешіп, тұрмысқа қажет қарапайым қажеттіліктерін қамтамасыз ету туралы ойламайды. Өндірісті дамыту мен экономиканы ілгерілету әр қоғамда экономикалық серпілістен көбірек мұрсат тудырып,  шығармашылыққа көбірек мүмкіндік береді. Сөйтіп ұлттық өндіріс экономикалық дамумен бірге қоғамдық даму мен тұрмыстың жақсаруына себеп бола алады.

Экономика елдің келешегі үшін маңызды тақырыптардың бірі. Мықты экономика билеп-төстеушілік пен дұшпанның араласуын қабылдамайтын маңызды фактор.

 

 

 

Танзанияның алғашқы Президенті Джулиус   Ньерере (1922-1999) сөзінің бірінде саяси тәуелсіздік сақтау саласындағы экономиканың маңыздылығына тоқталып: «Кейбіреулер саяси күрестері кезінде саяси тәуелсіздікті билеп-төстеушіліктен құтылатын соңғы тақырып деп ойлады. Өкінішке орай, саяси тәуелсіздіктің жеткіліксіздігін түсіндік. Саяси тәуелсіздікпен бірге экономикалық тәуелсіздікке де ие болу қажет. Біз отаршылықты дұрыс түсініп, оны сұм құбылыс ретінде айыптадық. Бірақ ешқайсымыз экономикалық отаршылыққа саяси тұрғыдан қарамадық. Саяси тәуелсіздік экономикалық тәуелсіздікке жол ашады. Қазір мәселелер өте шиеленісіп кетті. Әртүрлі африкалық мемлекеттерге саяси тәуелсіздікке ие болу үшін бірігіп әрекеттену оңай болды. Бүгінде оларды ынтымақтастыққа мәжбүрлеу үлкен мәселе. Өйткені олар экономикалық тәуелсіздік туралы бірдей ойламайды. Тіпті кейбіреулері қиындық жоқ деп уәжденеді. Негізінде олар экономикалық тәуелсіздіктің қажет екенінен хабарсыз»,- деген болатын.

 

Джулиус Ньерере

 

Алайда экономикалық даму мен әлемді билеп отырған билеп-төстеуші жүйеде экономикалық тәуелсіздікке ие болу оңай іс емес. Экономикалық тәуелсіздікке ие болу көптеген талпыныспен бірге қырағылық пен ақылды басқаруды қажет етеді. Әрқашан дұшпанның қастықтарымен бетпе-бет келіп отырған Иран үшін экономикалық тәуелсіздікке ие болу екі есе маңызды. Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран дұшпандардың әртүрлі, соның ішінде Ирактың «БААС» режимінің Иранға қарсы сегіз жылдық соғысы мен АҚШ бастаған Батыс үкіметтерінің ауқымды санкциялары сынды қастықтармен бетпе-бет келді.  Бұл мәселелермен бірге кейбір басшылардың іскерсіздігі экономиканың әртүрлі бөлімдерін қиындықтарға тіреді. Бұл мәселе революция дұшпандарының санкцияларымен революцияшыл халық пен елдің басшыларын әлсіретіп, Ислам революциясын өз армандарынан бас тартқыза алады деп ойлауға себеп болды. Сондықтан Ислам революциясының жетекшісі өндірісті дамытуды экономикалық тәуелсіздікке жету қажеттілігінің бірі ретінде жариялады. Бүгінде экономикалық тәуелсіздіктің мағынасы неде?

Ислам революциясының жетекшісі аятола Хаменеи экономикалық тәуелсіздік туралы былай деді: «Экономикалық тәуелсіздік әлемдік қауымдастықтың экономикасына сіңіп кетпеу. Қараңыздар, америкалықтар ядролық келіссөздерден кейін «ядролық мәселеге байланысты мәміле Иран экономикасының әлемдік қауымдастықтың экономикасымен бірлесуіне себеп болуы керек» деді. Бірлесу! Бірлесу деген не? Әлемдік қауымдастықтың экономикасы деген не? Әлемдік қауымдастықтың экономикасы әділ, қисынды және ақылды жүйе ме? Жоқ. Әлемдік қауымдастық жобалаған экономиканың әртүрлі көрінісі дүниежүзінің түкпір-түкпірінде кең таралған экономика. Ол көбінесе сионистік және кейбір сионистік емес капиталистердің әлемнің қаржы көздерін өз бақылауына алу мақсатын көздейтін жоба. Бұл әлемдік қауымдастық пен әлемдік экономика жүйесі. Бір елдің экономикасының әлемдік экономикамен біріктіру мақтан тұтатын мәселе емес. Бұл зиян, бұл шығын, бұл сәтсіздік. Олардың санкция салуының мақсаты экономикалық мақсатты көздеді. Америкалықтардың өздері санкция салған соң оларды Иран экономикасына соққы беру үшін салғандарын мойындады. Ядролық мәселе жөніндегі келіссөздер де бір нәтижемен аяқталды. Бұл жерде де олардың мақсаты экономика болды. Яғни, Иранның экономикасын АҚШ көшбасшысы саналатын халықаралық экономикамен біріктіру арқылы әлсірету болды». 

 

Ислам көзқарасы бойынша, экономикалық тәуелсіздік маңызды мәселе. Сондықтан Ислам республикасы жүйесінің негізі саналады. Экономикалық тәуелсіздік, яғни адамның өмірін жақсартып, бақытына жеткізетін тұрмыс, әділет, шаттық, ғылым, технология және басқа да қажет нәрселерін қамтитын мүмкіндік тудыру. Сондай-ақ, руханият пен дарынға, исламдық өмір сүру тәсіліне назар аудару. Ислам халықтың тұрмысын көркейтеді, бірақ бұл соңғы мақсат емес. Соңғы мақсат адамдар материалды өмірде беделді тұрмыс пен тыныштық және қауіпсіздікке, ой мен сөз азаттығына ие болып, жоғары мақсаттарға қарай қадам басуды қарастырады. Исламдық өмір сүру тәсілі дүниені де, ақыретті де қамтамасыз етеді. Экономикалық тәуелсіздік беделді өмір сүру факторларының бірі.

 

Тегтер