Нау 03, 2020 21:46 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 10

Шикі мұнайдан кейін болат әлемдегі екінші құнды материал болып табылады, сондықтан елдердің болат тұтынуының деңгейінің өсуі экономикалық өсу мен дамудың сенімді өлшемі бола алады.

Иранның өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдау саясатының бірі макроэкономикалық ауыспалы құрамда маңызды рөл атқаратын және жұмысқа орналасуға әсер ететін шағын және орта өнеркәсіптерге назар аудару болып табылады. Шикі мұнайдан кейін болат әлемдегі екінші құнды материал болып табылады, сондықтан елдердің болат тұтынуының деңгейінің өсуі экономикалық өсу мен дамудың сенімді өлшемі бола алады. Шикізат тұрғысынан болат көптеген салалар мен кәсіпорындардың өнімі болып табылады. Болат әсер етпейтін сала сирек кездеседі.

Ирандағы болат өндірісі

Негізгі өнеркәсіптің бөлігі саналатын болат өнеркәсібі, стратегиялық өнім болып табылады, оған көптеген жоғары және төменгі өнеркәсіптер байланысты. Өнеркәсіптегі болаттың рөлі соншалықты маңызды, сондықтан оны болатсыз елестету мүмкін емес. Дүниежүзілік болаттар қауымдастығының статистикасы бойынша, 70-ке жетпейтін мемлекетте болат өндіріледі.   Сондықтан бұл саласы жоқ елдер өзінің дамуына немқұрайдылық танытуы немесе болат өндіруші елдерге тәуелді болуы керек. Ислам революциясының жеңісінен кейін соңғы онжылдықтарда Иран металлургия саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруымен бірге  болаттан жасалған өнімдерін экспорттайтын болды. Иранда 110-нан астам металлургиялық компания жұмыс істейді, мысалы, Исфахан металлургиялық компаниясы,  Хузистан мен Хормозган болаты, Иран қорытпасы, Хорасан, Оңтүстік Каве, Саба, Бонаб және Чадермо болат компаниялары. Бұл компаниялардың жұмыстары революцияның алғашқы жылдарымен салыстырғанда елдің металлургия саласының 600 есе дамуына әкелді.

Иран металлургиясының негізі іс жүзінде 1927 жылы қаланды. Бұл жылы «Иранның болат өнеркәсібінің ұлттық тобы» деп аталатын алғашқы прокат зауыты құрылды. 1929 жылы Иран мен бұрынғы Кеңес Одағы арасында  Исфахан болат балқыту зауыты құрылысын салу туралы келісім жасалып, зауыт 6 жыл салынып, іске қосылды. Ислам революциясының жеңісіне дейін Исфахан балқыту зауытының өндірісі төмен болып, жылына 36000 тоннамен  шектелді. Исфахан балқыту зауыты өндірісінің төмен болуы және пайдалануға дайын тауарлардың үлкен көлемінің енгізілуіне  байланысты болат өндіруді арттыру қажеті болмады. Айта кететін жәйт, болат өнідірісі деңгейі төмен болғанымен, бұл өндіріс шетелдік мамандарға тәуелді болды және өнідіріске қажет отандық мүмкіндік жеткілікті болмады. 

Исфахан металлургиялық зауыты

Иранның металлургия саласы 100% шетелдік мамандарға тәуелді болғандықтан, Ислам революциясының жеңіске жетіп, бұл мамандардың кетуі елдің металлургия саласының дамуын қиындықтарға тіреді. Ирактың Иранға қарсы соғысы басталып, инфрақұрылымдар мен зауыттар  бомбаланған кезде, елдің металлургия саласы сияқты көптеген салаларында көптеген проблемаларды туындатты. Бірақ бұл шектеулер ел билігі мен жоспарлаушыларға елдің металлургия саласының маңыздылығын түсінуге кедергі болмады. Елдегі шамамен 3 миллиард тонна деп бағаланған үлкен темір кеніштері, сондай-ақ отандық өндіріске назар аудару қажеттілігі мен шикі затты сатудың алдын-алу қажеттілігі Ислам революциясының жеңісінен кейінгі металлургия саласын дамытуды ел билігінің күн тәртібіне шығарған себептердің бірі болды.

Өткен 40 жылда бұл салаға қомақты қаржы жұмсалып, әртүрлі облыстарда зауыдтар салынып, өндіріспен айналысатын болды. Қазіргі уақытта болат құймалары, барлық болат құбырлары, мырышталған табақтар, барлық құрылыс арқалықтары, көміртекті болат, арматура түрлері, жөке темір, түйіршіктер мен концентраттар сияқты өнімдердің алуан түрін ескере отырып, Иранның болат өнеркәсібі жергілікті өнеркәсіпке айналды деп айтуға болады. Иранның болат өнеркәсібінің өндірістік қуаттылығы революцияның алғашқы жылдарына  қарағанда 600 есе артып, 2019 жылы 30 миллион тоннадан асып, әлемдегі ең ірі болат өндірушілердің ішінде оныншы орынға иеленді. Болат   металлургия және тұрмыстық техниканы шығаратын зауыттар, өндірістік бөлімдер, құрылыс индустриясы және басқа да экономикалық салалар сияқты болатпен байланысты көптеген салалардың кеңеюінің қозғаушы күші болып табылады. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, тікелей және жанама жұмыспен қамтуды кеңейтуді білдіреді. Иранда бұл саланың дамуы соңғы қырық жылды бұл елді  тәуелділіктен шығарып,  маңызды өнімді болат өндіретін және экспорттайтын елге айналдырды. Иранда 25 млн тоннаға жуық болаттан жасалған бұйымдар өндіріледі, олардың 12 млн тоннаға жуығы елдің ішінде тұтынылады және 13 млн тоннасы экспортталады. Түркия, Ирак, Парсы шығанағы елдері және Сирия сынды аймақтың көршілес елдер Иран болатын сатып алатын негізгі  нарықтар болып табылады. Дүниежүзілік болаттар қауымдастығының статистикасына сәйкес 2019 жылдың бірінші 8 айында Иранның болат өнеркәсібі 17,5 миллион тонна болат өндіріп, 6,5 пайызға өсті. Бұл кезде болат өндірісінің әлемдік өсімі 3 жарым пайызды құрады.

Ирандағы болат экспорты

«Қарсыласу экономикасы» бағдарламасы негіздерінше,   Таяу Шығыстағы болат өндірісінің 60% -дан астамы Иранда жүзеге асырылады. Иранның болат өндірісі Франция мен Италия өндірістерінен де үлкен. Жоспарларға сәйкес, алдағы бес жылда Иранның болат өндіру деңгейі 55 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Иран әлемдегі болат өндіретін үздік елдердің қатарына 7-ші ел болып кіреді. Иранның металлургия өнеркәсібі мен Mobarak Steel сияқты зауыттары соңғы жылдары АҚШ пен оның одақтастарының санкциялары тізімінде болғандарына қарамастан жетістіктерге   қол жеткізді.

Исфахандағы Steel Company зауыт

Иран металлургия өнеркәсібіндегі белсенді зауыттардың ішінде   Исфахан балқыту зауыты (Isfahan Steel Company) ерекше орынға ие. Бұл Ирандағы  ең ірі зауыттардың бірі, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ұзын өнімдерді өндіретін ірі компания. Бұл зауыт «Болат саласының анасы» деген лақаб атқа ие. Бұл компанияның негізгі өнімдері - болат арқалықтар, арматуралар, рельстер мен болат құймалары сияқты құрылыс өнімдер. Сондай-ақ шойын, гудрон, толуол, бензол, аммоний сульфаты, кокс, дымқыл болат шаңы (өнеркәсіптік шлам), әк, сұйық оттегі және сұйық азотты да шығарады. Mobarak Steel Иранның металлургия өнеркәсібінің жергілікті үлгісі деп санауға болады.  Елдің жеке секторымен құрылған Исфаханның Mobarak Steel компаниясы жұмысын 1992 жылы бастады. Бұл зауыт жыл сайын  10 миллион тоннадан астам жеңіл, ауыр және нәзік болаттан жасалған бұйымдар өндіреді. Mobarak Steel болат табақтар өндірісі бойынша Ирандағы ірі зауыт саналады. Бұл өндірістік нысан Иранның автокөлік және бөлшектерді өндіру, жеңіл және ауыр металлургия өнеркәсібі және басқа салаларда тұтынатын болаттың 50% қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда, металлургия өнеркәсібінің дамуымен Иран кеуекті темірден жасалған негізгі өнімдер саласындағы алғашқы үш елдің қатарына кіреді, ал Mobarak Steel - 11 миллион тонна кеуекті темір өндіретін әлемдегі ең ірі өндіріс саналады.  

 

Тегтер