Сәлем уаһи жері!
Коронавирус пандемиясына байланысты екі жылға тоқтатылған қажылық рәсімдері ашылып, Алла үйіне ғашықтар ағыны қажылық парызын өтеу үшін уахи еліне бет алды.
Зулхадже айы жақындады, екі жылдан кейін уахи еліне барушылардың тілегі аяқталды және Алла үйіне ғашықтар мен зияратшылар керуені уахи еліне аттануда. Ер мен әйел, қарт пен жас, әсіресе жылдар бойы күткен жандар қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жеткенде өздерін жер жәннатында жүргендей сезінеді.
Уахи жеріне сәлем, илаһи пайғамбарлар жеріне сәлем! Алла ғашықтарының сәжде жасайтын жеріне сәлем, тылсым ғалымдар мекені Арафат жеріне сәлем! Пенделердің кішіпейілділігінің көрінісі болып табылатын саиге (Сафа мен Марве тауларының арасын жеті рет өту амал) мен Минаға сәлем, Зәмзәмге сәлем, Машар әл-Харамға сәлем! Мәдинаға сәлем, хазірет Мұхаммад Мұстафаға (с.ғ.с.) пана болған әл-Наби мешітіне сәлем! Сәлем Бақия, Жер қойнауындағы галактикалардың зираты - Бақи зиратына сәлем! Сәлем саған, Қағба, көбелектерді жинайтын жарық шырақ сынды ғашықтарын тәуәп еуге шақыратын Алланың үйіне сәлем!
Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен келген қажылар түсі мен ұлтына қарамастан, бір түтсі киім киіп, мұсылмандардың бірлігін және бірегей Жаратушыға адалдығың көрсету үшін жиналды. Олар «Ләббейк, Аллаһума ләббейк» деп қайталайды.
Қажылық – діннің ең ұлық рәсімдерінің бірі және исламның маңызды парыздарының бірі. Қажылық – діннің тіректерінің бірі және одан алыстау үлкен күнә саналады. Өткен екі жылда COVID-19 індеті пандемияы мен оның жиындарда таралуына байланысты қажылық рәсімі өткізілмей, Алла үйінің ғашықтары осы қасиетті жерге аттанатын күнді асыға күтті. Енді міне, осы киелі өлкеде Алламен ғибадат ету келісімін растау үшін мүміндер ағылуда. Бұл табиғатқа қайта оралып, іштей ойланатын орын. Қажы нәпсісінен алыстап, өзін жаратылған әлем туралы ойлануға мәжбүрлейді. Адам осы қымбат күндерде өзін бағалайды және жеке және қоғамдық өмірінің Аллаға қаншалықты ұнағаны туралы ойлайды. Ол Алламен кемшіліктерді түзеп, жақсартуға қадам жасау және өмірін бақыт пен кемелдік жолында негіздеу үшін келісім жасайды.
Меккеге сапарында бізбен құнды естеліктерімен бөліскен Алла үйінің қажыларының бірі – Махмуд Моравведж мырза. Ол өзінің естеліктерінде уаһи елін сипаттап: «Біз Алланың үйі мен әл-Харам мешітіне қарай жүрдік, бәріміз қуанып, толқып, жақындаған сайын еркіндікті сезіндік. Мен шыдамсыз болып және біоуге құмар бала сияқты өзімді бақытты және сүйіктіме жақын сезіндім. Ақыры «Баба ас-Саламға» жақындадық. Мешіттің ішінде де, сыртында да көптеген халық отырды. Сафа мен Мәрва көпірінен өткенде әл-Харам мешітінің ескі бөлігіне жеттік. Бір-бірімізден еріксіз ажырап, әрқайсымыз Ғашығымызбен тілдесіп, сырымыз бен мұқтаждығымызбен бөлісуге кеттік»,- деді. Моравведж мырза олардың Қағбаны зиярат еткендегі сезімдері туралы сөзінің жалғасында былай деді: «Бұл ғажайып сәттер болды. Аптап далада көптен бері жалғыз болып, енді шөлдеп-шалдығып, ерін құрғап, сарқыраған мөлдір бұлаққа жеткендейсің! Анаңнан жырақта қалып, енді оның құшағында жеткен баладайсың! Еріксіз сәжде жасайсыз және көз жасыңыз бен зікірлеріңіз бірге келеді. Мен Қағбаға таңғалып қарап тұрдым. Қағба тегіс және анық болғанымен, тыныш және тартымды болды. Мен Қағбаны паналадым, өйткені Қағба кез келген түсі мен тілі барлардың оны пана етіп, тыныштыққа жеткендердің панасы. Осындай көңіл-күйде мен тек шынайы ғибадат іздедім. Сөйтіп, Қағбаның алдында екі рәкат намаз оқыдым, сосын Алланың үйінің айналасында тәуәпті бастап: «Ләббәйк, Аллаһума ләббәйк» деп қайталап жүрдім».
Қағбаны айналып, Алланы мадақтаған бір түсті ақ киім кигендердің гүрілдеген толқының сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жердің көңіл-күйі ерекше және дұға қабыл болып, мұқтаждықтарға жауап берілу жақындау. Қағба ғашықтықтың нүктесі, ал сен осы мұхитқа білім алу үшін келген баяғы бір ұсақ бөлшек сияқтысың. Бұл жерде ешкімді де, ешнәрсені де ойламас түгіл, өзіңді ұмытып, толық шынайылықпен құлдық жасаууға құштар боласын.
«Тәруия күні» деп аталатын зилхадже айының сегізінші күні қажылық рәсімдері ресми түрде басталады. Меккеде қажы мухрим болып, ғұсыл алып, дене кірін тазартады. Содан кейін бір Аллаға мойынсұнушылық пен құлдықтың белгісі болып табылатын ақ түсті ихрам киімін киеді. Осыдан кейін «Ләббейк Аллаһума ләббейк» тәлбиә дұғасы айтылады. Қажылықта бұйырылған барлық амалдарды орындау қажет және парыз. Маңызды мәселе, қажылық рәсімдерінің барлығы Аллаға жақын болу және Аллаға мойынсұну, күнәлардан тазару ниетімен болуы керек.
Имам Әли (ғ.с.) қажылық философиясының бірін былай сипаттады: «Алла сендерге Өзінің құрметті үйінің қажылығын парыз етті. Бұл үйге шөлдегендер бет бұрып, көгершіндей пана табады. Алла Тағала Қағбаны құлдарының Өзінің ұлылығы алдындағы кішіпейілділігінің әрі оның ұлылығы мен құдіретін мойындауының белгісі етті. Оның қажылыққа шақыруын қабылдап, сөзін қуаттап, илаһи пайғамбарлардың ұстанымын ұстану үшін халық арасынан тыңдаушыларды таңдады».
Меккеде ихрамнан кейін қажы Арафат жеріне тоқтайды. Имам Хұсейн (ғ.с.) соңғы қажылығында Алла Тағаламен сырласып, ең әдемі дұғасын оқыған жер. Бұл ерекше дұға «Арафа дұғасы» деп аталды. Шиіттер осы пәк дұғаны Арафатта уақф кезінде оқиды. Қажы зилхадже айының тоғызыншы күні түстен бастап, сол күні кешке дейін Арафат шөлінде болуы керек, содан кейін Мәшар әл-Харамға бет алады.
Құрбан айтпен тұспа-тұс келетін зилхадже айының оныншы жұлдызы күн шыққаннан кейін қажылар қажылық парызын өтеу үшін Машар әл-Харамнан шығып, Мина жеріне аттанады. Минада олар Рами әл-жамарат деп аталатын алғашқы әрекетті орындайды.
«Рами джамарат» - шайтанға тас лақтыру - қажылық парызының бірі. «Рами Джамрат» парызынан кейін Құрбан айт күні хазрет Ибраһим (ғ.с.) құрбандық шалған қойды еске алу үшін әрбір қажы бір қойдан құрбандық шалады. Сондай-ақ тәксир (шаш алу), Алла үйін тәуәп ету, тәуәп намазы, ең соңында екі тау Сафа мен Мәрваның арасындағы сағи да парыз қажылықтың басқа амалдары болып табылады.
Соңғы илаһи кітап Құран Кәрімнің көптеген аяттарында қажылық философиясы мен маңыздылығына сілтеме жасалған. Құран Кәрімнің шамамен 30 аятында қажылық және Қағба (Алланың үйі) туралы айтылып, тіпті Құран Кәрімде «Қажылық» деп аталатын сүренің аты берілген. Құранның «Әл-Имран» сүресінің 96-97-ші аяттарында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол. Онда ашық белгілер, Ыбырайымның (ғ.с.) орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (қажылық қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай»,- деп айтылды.