Батыстың Сириға қарсы ақпараттық соғысы (2)
(last modified Wed, 25 Jan 2017 04:18:33 GMT )
Қаң 25, 2017 10:18 Asia/Almaty
  • Батыстың Сириға қарсы ақпараттық соғысы (2)

Алеппо өзінің үш мың жылдық тарихында көптеген оқиғаларды басынан өткерді. Алайда 4 жылға созылған соғыс пен лаңкестердің құзыры салдарынан бұл қаланың басым бөлігі қиратылды. Ал батыстың ақпарат құралдары бұл соғысты бұрмалап көрсетуде.

Алеппоның азат етілуімен тұспа-тұс лаңкестерді қолдаушыларға қарасты ақпараттық және үгіт-насихаттық аппараттаржалған мағлұматтар мен суреттерді жариялау үшін арнайы топтардың көмегіне жүгінді. Олар осылайша Сирия әскері мен оның одақтастарын Алеппоның шығысында қырып-жою әрекеттері мен адамгершілікке жат қылмыстар жасады деп көрсетуге талпынуда. Кейбір сириялық дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес, Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір елдердің қомақты қаржы жұмсай отырып, Сирия үкіметіне қарсы ауқымды ақпараттық соғыс ашуды көздеп отырғанын көрсететін айғақтар қолға түскен.

Осылайша, араб режимдеріне қарасты үгіт-насихаттық аппараттар Алеппода Сирияның соғыс қылмыстарын жасағаны туралы жасанды суреттер, мәліметтер мен бейнелерді батыстың БАҚ-ның ықтиярына берген. Олар өлтірілген әйелдер мен балалардың суреттерін жариялап, халықты тайпааралық тартыстарға итермелеп отыр. Лаңкестерді қолдау рөлін атқарып отырған кейбір батыстың ақпарат құралдары Алеппо азат етілгеннен кейін ақпараттық үгіт-насихаттар мен Алеппода адам құқығының бұзылуы туралы уәждер ұсыну арқылы Сирия үкіметі мен оның одақтастарының бейнесін бұрмалауға күш салуда.

 

БАҚ-ның жұмыстарын ысыра тұрып, өткенге көз жүгіртейік. Дамаск пен Сирияның Иордания, Түркия және Иракпен шекаралас қалаларында соңы қарулы қақтығыстарға ұласқан шерулер басталған кезде әл-Джазира мен Батысқа қарасты басқа да ақпарат құралдарының осы мәселеге қатысты ақпараттық соғысты бастағанын ұмытқан адам кемде-кем болар.

Бұл ақпарат құралдары қақтығыстар туралы шындықтарды бұрмалап, Дохадағы суреттер мен бейнелерді таратуға арналған арнайы студияны пайдаланып, Сирия үкіметіне қарсы наразылықтар туралы толық мағлұматтарды таратуға тырысты. Al-Arabiya, al-Hadas, парсы және араб тіліндегі BBC арналары мен басқа да үстемішілдікті таратушы басты БАҚ мен қоғамдық желілер сияқты жаңа құралдар Сирия үкіметі мен оның одақтастарына қарасты күштердің жаппай қырып-жою әрекеттерін жасап жатқан тәрізді көрсететін түрлі суреттерді жариялауға тырысуда.

Таяу Шығыстағы лаңкестікті қолдап отырған елдердің ақпарат құралдары психикалық кеңістік тудырып, қоғамдық пікірді қалыптастыру арқылы Сирия әскері мен халықтық күштерінің лаңкестікпен күрестегі күшін әлсіретіп көрсетуге тырысты.

Исламдық ояну өзгерістері барысында халықтық наразылықтардың қалпын өзгерту мақсатындағы Батыс пен оның одақтастарының саяси және әскери араласушылығы ақпарат құралдарының ауқымды жұмыстарымен қатар жүзеге асырылуда.

Сириядағы әл-Джазира арнасының араласушылығына қарсы наразылықтар: «Катарлық әл-Джазира арнасы әл-Каиданың әлемдік ақпарат өкілі»

Oсындай кеңістікте осы ағымды қолдаушылар міндеттерді өзара бөлісіп алған тәрізді. «Әл-Джазира» араб тіріндегі ең мықты ақпарат құралы ретінде арабтардың қоғамдық пікірін қалыпастыруы тиіс болса, BBC, Voice of America, Reuters, Associated Press және тағы басқа батыстың ақпарат құралдары араб емес халықтар үшін хабар көзін дайындау міндетін алған.

Әл-Джазираның күллі  араб әлемінде осы рөлді атқарудағы маңыздылығы оның өткеніне байланысты. Себебі бұл ақпарат құралы 1996 жылы құрылғанынан бері хабарларды жан-жақты әрі кәсіби түрде тарата отырып, араб тілді халықтардың сенімін жаулап алды. Мысырдағы Иранның мүдделерін қорғау басқармасының бұрынғы төрағасы әрі ақпараттық саясаттардың маманы Махмұд Мохтади бұл жайлы былай дейді: «Бұл ақпарат құралының құрылғанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында әл-Джазира толығымен өзгеше екі кезеңді бастан өткерді:бірінші кезеңде әл-Джазира көбінесе кәсіби түрде жұмыс істеді. Бірақ Исламдық ояну қозғалысы кең етек алғаннан кейін бұл ақпарат құралының жұмыс істеу тәсілі өзгерді. Әл-Джазираның жаңа міндеті халықтың сенімін араб әлемінің ішінде саяси ағымдарды бағдарлау үшін пайдалану болды. Тіпті кейбір адамдар Тунистегі Бин Алидің билігінің құлатылуын әл-Джазираның ықпалының салдары деп те айтып жүрді». Ол сонымен қатар сионистердің осы ақпарат құралдарындағы хабарларды қалыптастырудағы рөлін қуаттап, былай дейді: «Катардың араб әлемінде сенімді бірақпарат құралын құруға инвестиция салуы еуропалық және америкалық агенттіктерден басқа ешқандай кәсіби  ақпарат құралы болмаған кеңістікте орын алды. Осы жоспар құрудағы сионистердің араласушылығының әсерін әл-Джазираның Джордж Буштың Ауғанстан мен Ирак соғыстарындағы саясаттары мен Ақ үйдің үнсіздігін сынауынан көруге болады. Шын мәнінде, сионизм лоббилері әл-Джазираға қолдау көрсеткендіктен, АҚШ үкіметі осы ақпарат құралының ұстанымына қатысты ешқандай реакция білдірген жоқ».

Әл-Джазира – АҚШ  пен сионизмге адал ақпарат арнасы

Осы арнаның 2010 жылдан бергі жұмыстарына көз жүгіртсек, оның шынайы болмысы мен бейнесін көреміз. Әл-Джазира жаңа ғасырдың алғашқы он жылында өзін бір халықтық әрі ақиқат сүйгіш ақпарат құралы ретінде көрсету арқылы өз беделін арттыруды көздеді. Одан кейін сол бедел мен халықтың сенімін тірек ете отырып, Исламдық ояну өзгерістеріне аяқ басты.

Араб елдерінің халықтары сол кездегі жағдайды өзгертуді қалады. Аймақтың жетекшілеріхалықтардың осы қалауын жүзеге асыру үшін Иранның Ислам революциясынан үлгі алуды мақсат еткенін көрді. Себебі араб халықтарында мұндай өзгеріс жасау үшін үлгі алатындай бұдан басқа ешқандай вариант жоқ еді. Басқа жақтан Иранның Саддам билігі құлатылғаннан кейінгі  Ирактағы табыстары халықтық қозғалыстың Иранға қосылуының ықтималдығын жоғарылатты.

Осындай жағдайда әл-Джазира алаңға аяқ басып, Башар Асадтың жүйесіне қарсы елдердің тікелей араласушылығының салдарынан Сирияның дағдарысқа батуынан бұрын Дамаскке қарсы ақпарат соғысын ашты. Сирияның АҚШ пен сионистік режимнің стратегиясындағы маңыздылығы әл-Джазирамен қатар, бірнеше тілде тікелей эфир жүргізу мүмкіндігі бар BBC арнасының да Батыс пен оның достарына қызмет етуіне себеп болды. Сондықтан Асадтың қарсыластарының шерулері зорайтып көрсетіліп, осы елде орын алған әрбір болмашы оқиға ең басты тақырыпқа айналып отырды.

Осы аяда BBC-мен қатар, Voice of America, Reuters, Sky News, al-Arabiya да Сирия халқы бірауыздан Асадтың қарсыластарының қатарына қосылғандай етіп көрсету үшін түрлі тактикалар пайдаланды. Өткен алты жылда бұл ақпарат құралдары қауесет тарату, Дамаск пен Алеппо қалаларының жеңілісі немесе Башар Асадтың өлтірілуі және оның отбасының Сириядан қашуы  туралы жалған хабарлар тарату арқылы қоғамдық пікірді алдауға тырысты.

Әл-Джазира мен  al-Arabiya арналарының BBC-мен бағыттастығы

 

Бұл үдеріс Ресей әскері шайқас майданына кіріп, Дамаск әскері нығайтылғаннан кейін күшейе түсті. Парсы тіліндегі BBС арнасы Ресейдің әуе шабуылдарында бейбіт тұрғындардың өлтірілуі мен Сирия әскерінің бомба жаудыртуы туралы есептер ұсыну арқылы лаңкестердің жеңілуі мен олардың кері шегінуіне реакция көрсетті. Сонымен қатар, Ұлыбританияның саясаттары, Иранның рөлі мен халықтық ерікті күштер және Хезболланың Сириядағы құзыры туралы жалған хабарлар тарату ісі арқылы осы елдің ұлттық гвардиясының тиімділігіне күмән тудыруға талпыныс жасалды. Осы аяда парсы тіліндегі BBС арнасының сайты анда-санда қасиетті кесенені қорғаған шәһидтер мен олардың Сириядағы қақтығыстардың артуындағы рөлі жайлы мақалалар жариялап, кейбір елдерді Сирияға мақсатты түрде содырларды жөнелтіп, әскери бөлімшелер құрды деп айыптап отырды. Алайда тіпті Арабстан мен басқа да араб елдерінің лаңкестерді Сирияға жөнелтіп отырғаны жайлы бір ауыз сөз де айтылмады.

Лаңкестерді қолдаушы осы арналармен қатар,  көптеген ақпарат құралдары лаңкестердің Сирия мен Ирактағы химиялық шабуылдарында бейбіт тұрғындардың қырылуы, Түркия шекарасы арқылы  қарулы қарсыластарға әскери көмектердің жіберілуі мәселесіне тоқталмады. Алайда Башар Асадтың біріккен майданы тарапынан бейбіт тұрғындардың өлтірілуі туралы хабарлар таратып, адамдардың сезімдерін нысанаға алды.

Батыс және араб ақпарат құралдары Сирия соғысына қатысты жалған әрі жасанды ақпараттар таратып, адамдардың сезімдерін нысанаға алып отыр

Лаңкестікті қолдаушы елдердің БАҚ әсіресе өткен жылы ауқымды түрде хабар тарату арқылы Сириядағы соғыстың жолын өзгерте алды. Бірақ халықтық күштердің қарсыластығы осы әрекеттер мен талпыныстардың бір нәтижеге жетуінің алдын алды. Ақпарат құралдарымаманының айтуынша, 2011 жылдан бері батыстық және халықаралық арналар үйлескен бірәрекетте бір орталықтан басқарылып отырғандай аймақтық және халықаралық сахналарда Сирия үкіметімен күресіп жатыр. Ол төрт хабар арнасына, атап айтқанда, араб тіліндегі BBC, Sky News, саудиялық al-Arabiya және катарлық әл-Джазира арналарының жұмыстарына жасалған зерттеудің нәтижелеріне тоқталып, әлемде алғаш рет Сирия дағдарысы барысында араб, Батыс және ивриттік ақпарат құралдары арасындағы әріптестіктің бір орталықтан басқарылып отырғанын айтты.

Осы хабар арналарының Таяу Шығыстағы халықтарға қарсы аталмыш мақсаттарды жүзеге асыруының шеңберінде әл-Джазира арнасының жүргізушісі Фейсал Ғасем Сирия әскерінің Алеппо қаласында қарулы топтарға ауыр соққы беруіне қатысты ашық түрде алаңдаушылық білдіріп, Дараа мен Дамаск маңындағы белсенді топтардан Алеппода орныққан лаңкестерді құтқаруды сұрады. Оған қоса, BBC арнасының бас директоры Тони Хол Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмэрон мен осы ел парламентінің 120 депутатының ДАИШ-ке қатысты «Исламдық үкімет» сөз тіркесін қолданбау туралы өтінішіне қарамастан, осы хабар арнасының бейтарап болуы мәселесіне қатысты күмән туындауы ықтималдығын сылтауратып, бұл өтінішке теріс жауап берді.

Осы мәселелердің барлығы жалпы алғанда Арабстан, Түркия мен Катар лаңкестерді қару-жарақ және қаржымен қамтамасыз етіп отырған жағдайда, олардың ақпарат құралдары да жасанды хабарларды тарату арқылы Сирияның әскері мен халықтық күштеріне қарсы ауқымды психикалық амалдар жасауды жұмыс тәртібіне енгізгенін жәнебүгін де оны алғастырып жатқанын көрсетеді.

 

 

Тегтер