Қар 08, 2022 18:05 Asia/Almaty
  • Норвегия елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Норвегияның Теһрандағы елшісі осы ел Парламенті төрағасының араласушылық мәлімдемелерінен кейін Батыс Еуропа істері жөніндегі департаменттің бас директоры тарапынан Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл отырыста Норвегия Парламенті төрағасының оппозициялық ақпарат құралдарының біріне (Iran International) берген сұхбатында тәртіпсіздіктер мен Иранның ішкі істеріне араласуын қолдайтын мәлімдемелері айыпталып, олардың орынсыз болуына назар аудартылды. Норвегияның Ирандағы елшісі де осы кездесуде жағдайды Ослоға жеткізетінін мәлімдеді.

 

Тегтер