Қаң 06, 2024 20:29 Asia/Almaty
  • Шри-Ланка Сыртқы істер министрі мен Иран Сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті

Шри-Ланка Сыртқы істер министрі Али Сабри Иран Сыртқы істер министрі Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Керман қаласындағы лаңкестік оқиғаны қатаң айыптады.

 

 

Шри-Ланка Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Керман қаласында орын алған лаңкестік әрекетке байланысты Шри-Ланка үкіметі мен халқының Иран Ислам Республикасының үкіметі мен халқына көңілі мен қайғысын білдірді. Шри-Ланка Сыртқы істер министрі өз елі президентінің осы лаңкестік оқиғаны қатаң айыптаған мәлімдемесіне сілтеме жасап: "Біз Иран үкіметі мен халқын қасындамыз",- деді.

Амирабдуллахиан Шри-Ланка Президенті мен Сыртқы істер министрінің жанашырлығын жоғары бағалады. Иран Сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықтың лаңкестікпен күресу және әрекет ету қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталды. Ол лаңкестік қылмыстың қалай болғаны туралы толық мәлімет бере отырып: "Біздің қауіпсіздік күштері егжей-тегжейлерді зерттеп, қылмысты ұймдастырушылар мен орындаушылар туралы мәліметтерді толықтыруда",- деп айтты.

 

Тегтер