Там 21, 2022 22:13 Asia/Almaty
  • Теһранның қуыршақтар фестиваліне 30 елден өтініш түсті

30 ел Теһранның "Мобарак" атты қуыршақтар қойылымы фестиваліне қатысуға дайын екенін жариялады.

Теһранның "Мобарак" атты халықаралық қуыршақтар қойылымы фестивалінің он тоғызыншы кезеңін ұйымдастырушылар штабы: "Әлемнің UNIMA сайтында осындай фестивальге қатысуға шақыру таратылғанда 30 елдің 100 қуыршақ труппасынан 130-дан аса қойылым фестиваль штабына жіберілді",-деп мәлімдеді.

Фестиваль штабы осы туындыларды қарастырып, өтініш білдірген топтармен кеңесіп, фестивальға шақыру үшін ең үздік қойылымдарды таңдап алумен айналысып жатыр. Туындылар сапа, тағылымдық қырлары және тартымдылық тұрғысынан бағаланады.

Теһранның 19-шы "Мобарак" атты халықаралық қуыршақтар қойылымы фестивалі 14-22 қазан аралығында өтеді.

Тегтер