Қар 11, 2022 17:07 Asia/Almaty
  • Қарабақ аймағында Армения мен Әзірбайжан күштерінің қақтығысы

Әзірбайжан Армения күштерін Таулы Қарабақ аймағында атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптап, бүгін жұма күні таңертең екі жақтың күштері арасындағы қақтығысты жариялады.

 

Әзірбайжан  Қорғаныс министрлігі Армения күштерінің Таулы Қарабахтың даулы аймағындағы  Кельбаджар  және  Ходжавенд аудандарында Әзірбайжан күштерін нысанаға алғанын мәлімдеді.  Әзірбайжан   Қорғаныс министрлігі де Армения күштерінің шабуылдарына Әзірбайжан күштерінің жауап қайтаратынын жариялады.

Кеше Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ төңірегінде халықаралық кепілдікпен қарусыз аймақ құру туралы ұсынысын жариялап: «Бұл мәселе Ресей мен Әзірбайжан басшыларының жақында Сочиде өткен кездесуінде көтерілді»,- деді.

 

Тегтер