Қар 05, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен АҚШ-тың оны қолдауы жазасыз қалмауы тиіс

Иран Президенті Норвегия Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбаттасып: "Сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен АҚШ-тың оны қолдауы жазасыз қалмауы тиіс",-деді.

Ибрахим Раиси Норвегия Премьер-министрі Йонас Гар Стеремен телефон арқылы сұхбаттасып: "Мен бұл елдің Газадағы соғыс пен бейбіт тұрғындардың өлтірілуін шұғыл түрде тоқтату туралы ұстанымын қолдаймын. Газа секторының қоршауын бұзып, аймаққа жедел гуманитарлық көмек жіберу үшін халықаралық талпыныстарды күшейту керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси ХАМАС-тың Газадағы заңды да қалаулы үкімет екенін айтып: "ХАМАС-пен соғыс – демократиямен соғыс",-деді.

Иран Президенті: "Газада әрбір 10 минутта бір бала өлтіріліп жатыр. Бұл – адамзатқа қарсы қылмыс және өте қорқынышты геноцидтің айқын дәлелі. АҚШ пен Еуропа елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына қатысты жиіркенішті үнсіздігі және осы режимге қару-жарақ жіберіп қолдау білдіруі Батыс елдерінің екіқырлы стандарт ұстанып, сионистердің қылмыстарына ашық түрде ортақтасып отырғанын көрсетеді",-деді.

Норвегия Премьер-министрі осы сұхбатта: "Норвегия ИИР-дың аймақта маңызды да әсерлі рөл ойнайтынын біледі. Иранның аймақтағы шиеленістерді бақылау жолындағы еңбегіне алғыс айтамыз. Палестина дағдарысын шешуде жаңа шешім жолдарын табу үшін Теһран үкіметімен әріптесуді қалаймыз",-деді.

Тегтер