Маусым 03, 2024 23:59 Asia/Almaty
  • Өзбекстанның

Иранның ең мықты адамы Реза Китаси үшінші жыл қатарынан Өзбекстанның "Пурийа Вали" халықаралық жарысында чемпион атанды.

Балуан Махмұт атындағы "Пурийа Вали" халықаралық кубогы әлемнің ең мықтылары арасындағы жоғары деңгейдегі жарыстардың бірі ретінде жыл сайын Өзбекстанда өтеді.

Өткен екі жылда осы кубоктың жеңімпазы атанған Иранның ең мықты адамы Реза Китаси биыл да өзінің чемпиондық атағын қорғау үшін Өзбекстанға аттанып, бірінші орынды жеңіп алуда хет-трик жасай алды.

"Пурийа Вали" деген атпен танымал Махмұт Хорезми – х.ш.ж.с.б. 7-8 ғасырларда өмір сүрген балуан, сопы әрі ақын. Ол Иранның көне спорт түрі – зурхана бойынша маңызды орынға ие. Жомарттығы және жанқиярлығымен танымал болған Махмұт Хорезми Иранның ірі балуандарының бірі болған.

Ирандық спортшы Реза Китаси бұған дейін Ресейде өткен ең мықты адамдар жарысының кәсіби бөлімінде үшінші орын алды.    

Тегтер