Қаң 30, 2019 12:05 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (23)

Ирандық әйелдер 1963 жылы алғаш рет олимпиадаға қатысты. Бұл жылы 4 ирандық әйел биікке секіру, диск лақтыру, 100 метрге жүгіру және гимнастика бөлімдерінде өнер көрсетті.

Бірақ, Иранның әйел спортшылары бұл кезеңде жүлде ала алмады. Бұл үдеріс Иран үшін олимпиаданың барлық кезеңдерінде қайталанып, ирандық әйелдер олимпиада ойындарында медальға қол жеткізген жоқ. Бірақ, Иран тарихында бірінші рет әйел спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарына қатысып, ирандық таэквондошы Кимия Әлизаде 57 кг салмақтағы әйелдер сайысында қола жүлде алды. Осы жүлде жайлы ақпарат ел ішінде де, халықаралық деңгейде да кең тарады. 18 жастағы Кимия Әлизаде Иран тарихында олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар арасындағы ең жас жүлдегер саналады.