Қаң 18, 2020 21:14 Asia/Almaty

Имам Хомейнидің көзқарасынша, исламдық елдердің экономикасы мұсылман халықтардың арасын жақындататындай күш-қуатты әрі дамыған болуы қажет.

 

Иранның дамуға негізделген жергілікті үлгісі – қарсыласу экономикасы және бұл экономика ғылымға негізделген экономика. Бұл экономикаға жету және өндірісті алға ілгерлету үшін бүкіл халықтың, олардың ішінде дарын жастар, іскер жұмысшылар мен шарулардың талпынысы қажет. Иран табиғи  шикізат ресурстары бай және оқыған іскер экономикасының әртүрлі бөлімдерін дамыта алатын жеткілікті күшке ие мемлекет. Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің орынбасары аятолла Хаменеи де Ислам революциясының жеңісінен кейін өткен 40 жылда санкциялар мен қысымдарға қарамастан революцияның мақсаттарын алға ілгерлету саласында адамдарды жігерлендірді. Сондықтан олардың экономикалық көзқарастарымен танысу Иранның экономикалық мақсаттарын түсінуге  көмектеседі.

Ислам революциясы жеңісінің алғашқы жылдарынан имам Хомейни экономикалық тәуелсіздіктің маңыздылығы мен қажеттілігі және оған жету жолдары туралы баяндады. Имам Хомейни саяси, мәдени, әскери және әлеуметтік салалардағы тәуелсіздікке экономикалық тәуелсіздікке жетпей мүмкін  емес деп санап: "Экономикалық тәуелсіздікке жетпестен бұрын тәуелсіздікке жету мүмкін емес. Егер экономикамыз басқаларға мұқтаж болса, басқа салаларда да тәуелді боламыз",- деген болатын. Имамның пікірінше, экономикалық тәуелсіздік Исламның экономикалық жүйесінің өз мақсаттарына жетуіне жағдай тудырады. Өйткені экономикалық салада қажет деңгейге жетпей, әділеттілік, күш-қуат, қауіпсіздік, экономикалық тыныштық, жақсы тұрмыс, бөгделерге тәуелді болмау сынды исламдық құндылықтарды қалыпастыру мүмкін болмайды. Имам Хомейни: "Экономика – мақсат емес, бірақ жоғары мақсаттарға, яғни исламдық мәдениетке жетуге қажет құрал. Ислам экономиканы кінәрәтсіз, бөгделерден тәуелсіз, баршаның мүддесі мен бүкіл халықтың, әсіресе әлсіз таптардың тұрмысын жақсартатындай болу керек деп санайды. Сондықтан ауылшарушылығы, өндіріс пен сауданы дамытуға талпыну қажет",- деп қуаттаған.

Ислам революциясының көсемі имам Хомейни

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, өзін-өзі қамтамасыз ету, яғни жергілікті дарындарға сүйену, отандық өндіріс пен ішкі инвестиция мен идеяларға қолдау көрсету, ұлттық дарындарды дамыту үшін кеңістік құру, ғылыми-зерттеу орталықтарына назар аудару, өнертапқыштар мен мамандырылған күштерді экономикалық тәуелсіздік жолдарын табуға жігерлендіру және бұл жұмыстардың арқасында ұлттық өндіріске серпіліс беру болып табылады. Имам Хомейни Аллаға сүйену аясында өз күшіне сенім артуды ұлттық өндірісті дамытатын факторлардың бірі деп санаған. Бұл кісі экономикалық тәуелсіздікке жетіп, ұлттық өндірісті құдыретті ету халықтың қиындықтарға төзіп, экономикалық қысымдарға қарсы тұруы арқылы мүмкін болады деп санап: "Тәуелсіз болғымыз келсе, басқаларға бағынбаймыз десек, қиындықтарға төзіп, күресу күшке ие болуымыз керек",- деді.

Батыс мемлекеттері Ислам революциясына қарсы шығып, Иранды экономикалық қоршауға алған кезде, имам Хомейни оны елдің экономикасын дамыту үшін Иран халқына берілген сый деп біліп: "Көбі қорқатын экономикалық қоршауды мен біздің елге жіберілген сый деп білемін. Экономикалық қоршау, яғни бізге күнделікті қажеттіліктер жіберілмейді. Сондықтан біз басқалардың бізге еш нәрсе бермейтіндерін түсініп, өзіміз өндіруіміз керек",- деді.

Имам Хомейнидің экономикалық саладағы ой-пікірі ұлттық өндіріске, экономикалық тәуелсіздік пен өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған. Имам Хомейнидің көзқарасынша, исламдық елдердің экономикасы мұсылман халықтардың арасын жақындататындай күш-қуатты әрі дамыған болуы қажет. Имамның бүкіл талпынысы мұсылман елдердің экономикасын капиталистік мемлекеттерден тәуелсіз етуге бағытталды. Яғни мұсылмандар экономикалық тұрғыдан әлсіз болмаулары керек. Имам Хомейнидің дүниеден озуынан кейін бұл кісінің ойларын Ислам революцисының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи жалғастырды. Аятолла Хаменеи: "Егер отандық өндіріс дамымаса, экономикалық тәуелсіздікке жетпейміз және олай болса, саяси тәуелсіздік тек сөз болып қалады",- деді. Аятолла Хаменеи өндірісті тұрақты өркендеуге әкеле алатын  ел экономикасының ең маңызды секторы деп санайды. Аятолла Хаменеи отандық өндірісті дамыту жұмыспен қамту мен жұмыссыздық, жастардың дарыны мен бастамасының алға ілгерілеуі,  тауарлар импорттына ел валютасын жұмсамау сынды мәселелерін шешеді деп тапты.

Аятолла Хаменеи

Айта кететін жәйт,  тұрақты және моноэкономикалық қоғам  құру үшін өндірісті алға ілгерлетіп, қазіргі экономикалық даму жаңа технологияларға тәуелді  деген түсініктен жоғарырақ көтерілу керек. Негізінде экономикалық даму үшін тек жаңа технологияларға ие болу жеткілікті емес. Бұл технологияны ойлап, жасап шығаратын дарын күштер қажет. Бұл салада ішкі өндірісті қолдау мәдениет елдің экономикасын дамытуға көмектеседі. Аятолла Хаменеи   бұл салада өндірісті ұлғайтуды жоспарлау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспортқа маркетинг жасау және ең бастысы халықтың өндірушілер мен тұтынушылар  ретінде қолдауына назар аудартуда. Революция жетекшісі халықтың экономикалық іс-шараларға белсенді қатысуын өндіріс пен оның өркендеуінің қажеттілігі деп санайды және халықты экономикалық салада  жихадтық қозғалыспен жұмыс істеуге шақырады. Аятолла Хаменеи: "Экономикалық жиһадтың маңызды бөлімі – ұлттық өндіріс. Егер халық өз жігері, хабардар болуы және бастықтардың дұрыс бағдарлама жоспарлауларымен ішкі өндіріс мәселесін шеше алса, дұшпандар әкелген дағдарыстарды жеңеміз",- деді. Басқа жерде сөйлеген сөзінің бірінде: "Барша талпынып, барша жұмыс жасау керек. Бұл тақырыптың негізі – ұлттық өндіріс. Яғни ұлттық өндіріс мәселесі шешілсе, көптеегн экономикалық, күнделікті тұрмыс, жұмыспен қамтамасыз еті, инвестиция және басқа мәселелер шешіледі",- деп мәлімдеді.

Діни жетекшінің өткен жылдардағы өндірісті қолдау қуаттаулары және ағымдағы жылдың "өндірісті дамыту жыл" деп атауы АҚШ-тың санкциялары күшейіп, Иран экономикасы мен халқын нысанаға алуына қарамастан ерекше маңызды болуда. Аятолла Хаменеидің пікірінше, егер халық беделді орының тапқысы келсе, өз білімі, ақылы, тапқырлығы және жігерлігін пайдалануы керек. Аятолла Хаменеидің бұл мақсатқа жету саласындағы ақыл-кеңестерінде  мемлекеттік органдарды өндірісті ілгерілетуге, заңдар мен нормативтік актілерді қабылдауға, қабілетті адамдардың өндіріске кіруіне мүмкіндік беруге міндетті деп біледі. Бұл кісі өндіруші, инвестор, экономикалық белсендіге көмектесуді, бизнес ортасын жақсарту мен теріс пайдалануға немқұрайдылық танытпау, орынсыз импортты болдырмау  және   өндіріс қарқының бақылау мәселелерге назар аудартады.

Ислам революциясы жетекшісі экономиканың исламдық қоғамның құралы болуын қуаттауымен бірге: "Экономика – маңызды мәселе. Күшті экономика басқалардың билеп-төстеуін қабылдамау саласындағы маңызды фактор. Әлсіз экономика дұшпанның билеп-төстеуі мен араласуына әкеледі. Кедейшілік пен байлық адамзаттың материалдық және рухани өміріне әсерін тигізеді. Экономика – исламдық қоғамның мақсаты емес. Бірақ олсыз мақсатқа жете алмайтын құрал. Жаппай өндіріс, жоғары сапа мен әділ бөліп-тарату, ысырап етпей тұтыну, ақылды басқару қатынастарына негізделген елдің тәуелсіз экономикасын  нығайтуды қуаттау қоғамның бүгіні мен ертеңіне әсерін тигізе алады.

  

 

 

 

Тегтер