Сәу 02, 2021 15:02 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ тың мигранттарға қатынасы – адам құқығын бұзу

Ресей СІМ нің ақпарат хатшысы: «АҚШ пен Мексика шекарасындағы мигрант дағдарысы бір адами апатқа айналды», деп мәлімдеді.

Мария Захарова бейсенбі күнгі баспасөз конференциясында: «Мексика шекарасындағы уақытша ұстау орталықтарында АҚШ‑тың мигранттарға қатынасы адам құқығына қатысты халықаралық міндеттемелерді ашық түрде бұзу болып табылады»,‑деді.  

Захарова: «Вашингтонның уақытша ұстау орталықтарында заңды жастан төмен мигранттарға қатынасы халықаралық адам құқығы заңдарын ашық түрде бұзу болып санала алады»,‑деді.

Захарова бұл жағдайға халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ‑ның адам құқығы комитетінің араласуы қажет екенін айтып: «Әлемнің көп жерінде заңсыз мигранттарды ұстау жағдайы адамгершілікке жат, сондықтан азаптау болып санала алады»,‑деді.

АҚШ Президенті Джо Байден үкіметі ақпарат өкілдеріне мигранттарды ұстау орталықтарына кіруге кедергі жасап отырғандықтан сынға ұшырады.  

Тегтер