Ақп 20, 2017 21:51 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 27

Исламның ұлық пайғамбарының экономикалық жолының негізгі төрт ерекшелігі, атап айтқанда барлық істерде ортаны ұстану, барлық экономикалық жұмыстарда Аллаға иман келтіру, қияметке иман келтіру және экономикалық әділет орнатуды көздеумен бірге кемсітушіліктің әр түрі мен таптық айырмашылықпен күресу болып табылады.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры

Әрине исламдық қоғамның бұл негіздеріне жетуі үшін Исламның ұлық пайғамбары илаһи үлгі ретінде өзінің іс-әрекеттеріне табанды екенін көрсетуі керек болды. Өйткені қоғамды дұрыс жолға нұсқап, басқаратын адам өзінің соңынан ертіп, өзінің сындарлы әрі оң әрекеттерімен жеке адам мен қоғамның көзқарастары мен ұстанымдарын өзгертуге жағдай жасауы керек. Экономикалық әділетке шынайы зардап келтіріп, қоғамды ортаны ұстау жағдайынан шығара алатын сұм құбылыстардың бірі сән-салтанатта өмір сүруге деген құмарлық. Исламның ұлық пайғамбары бұл құбылыспен күресу үшін қарапайым өмір сүру тәсілін таңдап, сән-салтанаттан алыстады. Қейсар мен Касроның сарайлары туралы әңгімелер Рим мен Иранда таралған жағдайда Алла елшісі әл-Наби мешітін ең қарапайым сәулетпен салып, оны мәдени, діни, саяси, сот және әскери жұмыстарының орталығына айналдырды. Пайғамбар мешіттің рухани беделін қорғау үшін мүлкі жоқ топқа мешіттің ішіне кіріп ұйықтауға және демалуға рұқсат бермеуді бұйырған кезде олар үшін мешіттің сыртынан шатыр салып берді. Алла елшісі өзінің жеке және отбасылық өмірінде қарапайым өмір сүрді.

Пайғамбардың экономикалық жолы

Исламның ұлық пайғамбарының серігі имам Әли (ғ.с.) өзінің құтпаларының бірінде бір үзім нанды қанағат еткен хазірет Мұса, сабаннан себет тоқып сатып өмір сүрген хазірет Дәуіт пен жастықтың орнына басына тас төсеп, құрғақ нан жеп, шырақтың орнына айдың нұрын пайдаланған хазірет Исаның  қарапайым өмір сүру тәсілдерін еске салып, Алла елшісінің  тәсілі туралы: «Өзі мен әулетіне Алланың нұры жауған пәк пайғамбарды үлгі тұт! Өйткені, оның жолы мен рәсімі оның жақтастары үшін үлгі. Пайғамбар жерде отырып тамақтанып, құлдар сынды жұмыс істеп, киімі мен аяқ киімін өзі жамап-тігіп киетін. Атқа мінгенде қасына басқа адамды да мінгестіретін. Бөлмесінен қызықтыратын суреттері бар пердені көрген кезде әйелін шақырып, оны алып тастауды сұрайтын. Иә, хазірет дүниенің алдамшы қызықтарын жүрегінен алыстатып, оларды еске алмауға талпынды. Ол дүниенің әдемі заттарын көз алдынан жасырып, олардан киім тіккізбеген. Хазірет дүниеқұмарлықтан алыстау үшін оны жүрегі мен көзінен жасырды»,- деп жазды. («Наһдж ул-Балағе», 160-шы құтпа).

 Кейбір адамдардың ойына «Неліктен пайғамбарлар, әсіресе Исламның ұлық пайғамбары өз өмірлерін сонша ауырлатып, дүниенің қызықтарынан алыстады? Алла оларды халықтың алдында төмендетіп, құдырет пен байлық иелерін құрметтеді ме?» деген сауал туады.

Имам Әли (ғ.с.) өзінің ақылымен мұндай ойларға назар аудармай: «Әр адам өз ақылымен «Алла дүниенің қиындықтарымен  пайғамбарын құрметтеді ме әлде оған құрметсіздік танытты ма?» деп ойлауы керек. Ұлы Алламен ант етемін  былай ойлау – қате. Жаратушы пайғамбарын кемсітпейді, оны құрметтейді. Алла Тағала керісінше, дүниеқұмарларды кемсітіп, қорлады.  Сол себепті олар үшін дүниені кең ауқымды етті.  Бірақ өзіне жақын пенделерін дүниенің өтпелі әрі алдамшы қызықтарын алыстатты. Сондықтан,   егер адам шынайы бақыт пен кемелдікке жеткісі келсе, илаһи елшісін, яғни пайғамбарын үлге тұтуы керек. Егер адам бұлай жасама, өлімнен аман қалмайды. Өйткені Алла Тағала хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды жәннәт туралы хабар жеткізіп, күпіріліктен қорқытатын адам ретінде жаратты.  Алла елшісінің серігі болған имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың қарапайым өмір сүруі туралы қуаттап: «Ол хазірет бұл дүниеден аш қарынмен, бірақ иманы және рухының саулығымен озды. Ол өз міндетін өмірінің соңғы күніне дейін орындады. Алла мұндай басшыны бізге жіберуі арқылы бізге үлкен мейірім сыйлады. Сондықтан оның жолын жалғастырайық»,- деді. («Наһдж ул-Балағе» 160-шы құтпа).

Исламның ұлық пайғамбары мен басқа илаһи пайғамбарлардың жолын жалғастыру баршаға қиын болғанымен қоғамды дұрыс жолға нұсқайтын діни басшы үшін бұл ең үлкен әрі ең қатерлі жауапкершілік. Олар пайғамбарлардың жолын жалғастырып, қарапайым өмір сүріп, зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы тұрып, қоғамдағы таптық айырмашылықтардың алдын алады. Исламдық рауаяттардың бірінде «Егер діни басышларыңның дүниенің қызықтарына  құмар болып, өз мүдделерін қорғау үшін залым басшларға ұқсас болып бара жатқандарын көрсеңдер, оларды қоғамның сахнасынан алып тастаңдар» деп айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының экономикалық жолы туралы көңіл бөлетін келесі мәселелерге ислам талпыныс пен еңбек арқылы Құранда жеке адам мен қоғамның тұрақтылығының факторы ретінде көрсетілген ақша мен байлыққа ие болуға толық қарсы ма, сондай-ақ мұсылмандар әрқашан қиындық көріп, басқалар барлық материалдық мүмкіндіктерден пайдалану керек пе деген сұрақтар кіреді.

Исламдық мәдениет сән-салтанат және дүниеқоңыздықпен күреседі, бірақ Ислам талпыныс пен еңбектің арқасында мұсылмандардың ақша мен байлық және тыныштыққа жетуіне қарсы емес. Керісінше, Ислам экономикалық тәуелсіздік пен бөгделерге тәуелді болмауды маңызды санайды. Бірақ, оның негізгі мақсаты байлықтың тек бір жерге шоғырланып, байлар табының пайда болуының алдын алу болып табылады. Өйткені, бұл топ дүниені ақыреттен артық көріп, қоғамдағы маққрымдардың құқықтарын бұзып,  хомс пен зекет сынды діни міндеттерінен қашып, байлық жинап, бірте-бірте менменшілдік пен тәкаппарлықтың торына түседі. Содан соң өздерінің жан тыныштығын ойлап, қоғамның әлсіздерін кемсітіп, аштар мен мақұрымдардың дерттеріне немқұрайдылық танытып, илаһи және адамгершілік міндеттерге сүйенген мәдениеттен алыстап, таптар арасындағы қашықтықты арттырады. Сондықтан ислам әлемі мен барлық мұсылмандар Алла елшісінің жолы мен тәсілдерін үлгі етіп, дүниеқұмарларғы қарсы тұрып, экономикалық әділетке  негізделген қоғам құрып, әділетсіз кемсітушіліктердің алдын алады деген үміт бар.